• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

Сыр өңірі күріштен рекордтық өнім алды

252 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қызылорда облысында жиын-терін науқанының мол табыс­пен аяқталғаны туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев және бір топ ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жолдаған хат келіп түсті. Хат иелері Қазақстан Тәуел­сіз­дігінің 25 жылдық мерекесі мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, ақ күріштің атасы, дала ака­де­мигі Ыбырай Жақаевтың 125 жыл­дық мерейтойы қарсаңында Сыр өңірі диқандары күріштен бұ­рын-соңды болмаған рекордтық өнім алғанын хабарлайды. Сыр бойы диқандары 80 мың гектар егістіктің әр гектарынан облыс бо­йынша 54,9 центнерден өнім алып, ел қамбасына 440 мың тонна күріш құйған. «Ұлы Даланың қасиетті пұш­пағы – Сыр елі хал­қының атынан ди­қандарға, малшыларға көрсе­тіп отырған қамқорлығыңыз үшін Сіз­ге зор ризашы­лы­ғымызды білді­реміз. Сыр бойының еңбеккерлері мен барлық тұрғындары атынан Сіздің жасампаз бастамаларыңызды іске асырып, аянбай еңбек ететінімізге сендіреміз!», – деп жазады қызыл­ор­далықтар. Хат авторлары арасында Қазақстанның Еңбек Ері, Күріш өнді­рушілер мен өңдеушілер ассо­ци­а­циясының төрағасы А.Ералиев, «Мәди Қажы» атындағы ЖШС төра­­ғасы А.Камалатдин, «Сыр Мар­­жа­ны» ЖШС директоры М.Өтеев, «Рза Агро» ЖШС дирек­торы Н.Иман­досов және өзге де ауыл шаруа­шылығы саласының белді еңбеккерлері бар.