• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2016

Футболды баспен ойнау зиян – британ ғалымдары

607 рет
көрсетілді

Допты баспен бірнеше рет ұрғанның өзі футболшылардың ми жұмысына зақым келтіріп, жадын нашарлатады дейді британ ғалымдары. Бұл туралы ВВС жазады. Шотландиядағы Стерлинг университетінің зерттеушілері анықтағандай, допты баспен қатарынан 20 рет ұрғаннан кейін жадының қызметі 41%-дан 67%-ға дейін төмендейді де бір сөтке ішінде қалпына келеді. Зерттеушілердің бірі когнитивті нейробиолог Магдалена Летсваарттың сөзіне қарағанда, соққы миға уақытша болса да айтарлықтай зиян келтіреді. «Футбол ойнаушылар бұл спорттың миға әсері және оның салдары туралы білгені жөн» дейді ол. Ғалымдар футболшының допты баспен бірнеше рет ұрғаннан соңғы зиянын зерттеді. Ал футболды тұрақты ойнайтындарда оның әсері қаншалықты күшті болатынын әзірге айта алмайды. 2015 жылы АҚШ-та футбол секцияларында 10 жастан кіші балалардың футболды баспен ойнауына тыйым салынған.