• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2016

Қазақстанда сексеуіл сатуға шектеу қойылады

429 рет
көрсетілді

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның сауда нүктелерінде сексеуілді сатуға шектеу қоятын қаулы жобасын әзірлеуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Өстеміров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанда ормандарды заңсыз кесу, әсіресе, Жамбыл облысында сексеуілге қатысты жиі анықталады. Бұл - проблемалы мәселелердің бірі. Сексеуілді кесуге тыйым салынған. Алайда, сексеуілді заңсыз кесу фактілері тыйылар емес», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Осы орайда комитет төрағасының орынбасары Алматы қаласындағы сауда нүктелерінде, жанармай құю бекеттері мен базарларда сексеуілдің еркін сатылып жатқандығын жиі кездестіруге болатындығын баса айтты. «Қазір біз ішкі істер департаментімен, прокуратурамен бірлесіп рейд жүргізіп, базарларды тексеріп жатырмыз. Мұнан бөлек, сексеуілдің сатылымға шығарылуын алдын алу мақсатында Қазақстанның сауда нүктелерінде оны саудалауға тыйым салу бойынша қаулы жобасын әзірледік», - деді Өстеміров.