• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

Ықпалдастыққа ынталы сапар

220 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған Парламент өкілдері ресми сапармен Финляндия Республикасына барды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.  Хельсинки қаласында қазақ­стан­дық мәжілісмендер Финляндия Парламентінің Спикері Мария Лохе­ламен келіссөздер жүргізді және сауда-экономикалық ынтымақ­тастық жөніндегі Қазақстан Фин­лян­дия парламентаралық комиссия жетекшілерімен кездесіп, «Ота­ние­ми» технопаркіне барды. Н.Нығматулиннің айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жо­лындағы ауқымды реформа­ларын жүзеге асыру бағытында фин­лян­­диялық әріптестердің иннова­циялық дамуды заңнама­лық қамтамасыз ету, білім саласын жетілдіру, ақпараттық-ком­му­ни­ка­циялық тех­­но­логияны дамыту, ғылыми және іскер ортамен ық­пал­дастық саласын­дағы тәжірибелері өте маңызды. М.Лохеламен әңгіме барысында Мәжіліс Төрағасы екіжақты қарым-қатынасты тұрақты нығайту жолындағы өзара байланыс өте жоғары деңгейде қарқын алып келе жатқанын атап өтті. М.Лохела өз кезегінде қос мемлекеттің әріптестігін жоғары бағалай келе, парламенттік комитеттер арқылы ықпалдастықты арттыра түсуге ынталылық білдірді. Мәжіліс Төрағасы халықаралық пар­ламенттік ұйымдар аясында күн тәр­ті­біндегі өзекті мәселелердің шеші­мін табу жолында да күш-жігерді үй­лес­тіруге дайын екендігін білдірді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғы және келер жылы Финляндия тәуел­сіздігінің 100 жылдығы, сонымен бірге, дипломатиялық қатынас орнағанына 25 жыл то­латын атаулы күндерді алға тарт­­­қан Мә­жіліс Төрағасы әріптесін біз­дің елі­мізге ресми сапармен келуге шақыр­ды. Финляндия бизнес өкілдерімен кез­десу барысында өндірісшілер кон­фе­дера­циясы, фин экспортына ықпал­дас­тық, технология мен инновацияны қар­жыландыру жөніндегі өкілдермен кездесті. Жүздесу барысында екі мемлекеттің экономикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқыға салынды. Н.Нығматулин өз сөзінде  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсын­ған «қазақстандық даму жолының» ерек­шеліктері туралы баяндады. Мәжіліс Төра­ғасы атап өткендей, Қазақстанда тәуел­сіздік алған жылдар ішінде ІЖӨ доллар­мен есептегенде 20 есе, орташа жалақы 17 есе артып, 2 млн жұмыс орны ашылды. Н.Нығматулин фин компанияларын 2015-2019 жылдарға арналған ин­дус­трия­лық-инновациялық даму бағдар­лама­сын бірлесе жүзеге асыруға шақырып,  агро­өнеркәсіптік кешенді жаңғырту сала­сындағы мүмкіндіктерді баса атап өтті. «Қазақстанда басым бағыттарда жұмыс істейтін инвесторлар үшін ұжым­дық табыс салығынан, 10 жыл мерзім­ге жер салығынан, 8 жылға мүліктік салықтардан босату секілді артықшы­лықтар қарастырылған. Сонымен бірге, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін инвесторларға күрделі шығындардың 30 пайызы қайтарылады. Сондай-ақ, өткен жылы әлемнің 35 елі бойынша инвесторлар үшін визасыз режімнің тізімі кеңейтілді. Келер жылға дейін ол тізімнің көлемі 54 елге дейін жетуге тиіс. Олардың қатарында Финляндияның да бар екені өз-өзінен түсінікті», деп атап өтті Н.Нығматулин. Төраға атап өткендей, халықаралық сарапшылардың мойындауынша, әлем бойынша үздік фискалдық саясаттың бірі Қазақстанда. Дүниежүзілік Банк «Doing Business» рейтингінің (бизнесті жүргізудің жеңілдігін анықтайтын рейтинг) көрсеткіші бойынша Қазақстан 41-орынға көтерілген. «Салық салу» көрсеткіші бойынша 189 мемлекеттің ішінде 18-орында. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Қа­зақ­стан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне фин әріптестерінің қатысуын асыға күтеді. Себебі, Финляндия – Сол­түстік Еуропа елдерінің қатарын­да Қа­зақ­станның негізгі сауда-эконо­ми­калық әріп­тестерінің бірі. Бұл мемлекет инвес­тиция көлемі бойынша Солтүстік Еуропа елдері арасында екінші орынға ие. Қазақстанда энергетика, телекомму­никация, көлік, кен орны, ауыл шаруа­шылығы, сауда, басқа да салалар бойынша 70-ке таяу финляндиялық компаниялар жұмыс істейді. Айта кетейік, Қазақстан Финлян­дияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және экономикалық әріптесі. Кездесу кезінде финляндиялық ірі кәсіпкерлер Қазақстандағы жұмыс тәжі­рибелерімен бөлісті. Олардың қата­рында тау-кен, металлургия және мұнай-химия салаларына қондырғылар жеткізу мен сервистік қызмет көрсетуге бағытталған компания өкілдері бар. Бұл – қазақстандық кәсіпкерлер үшін инновациялық технологиялармен таны­судың ерекше мүмкіндігі.  Себебі, Еуро­па бойынша ең инновациялық аймақ та­нылған ғылыми-зерттеу кластері Фин­ляндияның Эспоо қаласында орналасқан. Ресми сапар барысында Нұрлан Нығ­ма­тулин Хельсинки университетінің сту­денттерімен және ұстаздарымен кез­десті. Екі күнге созылған кездесулерді қоры­тындылай келе, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ынтымақтастықты күшейтуге екі жақтың да өзара ынталы екенін баса айтты. «Өткен барлық кездесулер Елба­сы­мызды және оның барлық бастама­ларын Финляндияда өте жақсы біле­тінін көрсетті. Сонымен бірге, Қазақ­станның 25 жыл ішіндегі табыстарын да өте жоғары бағалайды. Осы жол­да біздің парламенттердің негізгі міндеті – екі мемлекет президенттерінің страте­гиялық келісімдерін сапалы заңдармен қам­тамасыз ету», деді Н.Нығматулин.