ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткізіліп жатқан Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бәсекелестікті дамыту және экономикаға қаржы тарту шаралары туралы баяндады, - деп хабарлайды egemen.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Министрдің мәлімдеуінше, мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заңның нормалары бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар тудырды. Қазір бір байқауға орта есеппен 5 қатысушыдан келеді. 9 ай ішінде 20 мың тапсырыс беруші мен 90 мыңнан астам жеткізуші тіркелген.
"Биыл мемлекеттік аудитте басымдық адал жеткізушілерге берілді.
«Биыл мемлекеттік аудитте басымдық адал жеткізушілерге беріледі. 2016 жылдың 9 айы ішінде 375 млрд теңге сомасына дұрыс жарияланбаған мемлекеттік сатып алулар анықталды – олардың бәрі түзетіліп, тепе-тең қолжетімді болды», - деп хабарлады Б. Сұлтанов.
Министрлік басшылығының мәліметтері бойынша, биыл 7 млрд теңгеге 67 нысан жекешелендірілген. Осылайша, жалпы сату саны 86,6 млрд теңгеге 324 нысанды құраған. Ведомствоға бағынышты ұйымдарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде жекешелендірілетін кәсіпорындар тізімі артады.
«Жекешелендіру бойынша акция аяқталуда, тек үшінші тоқсанда ғана орташа айлық ақша сомасы 40 есеге дерлік артты (6,3 млрд теңге болған болса, қазір 250 млрд теңге). Биылғы жылдың 14 қазанындағы мәліметтер бойынша барлығы 2,7 трлн теңге, оның ішінде ақша түрінде 1,8 трлн теңге заңдастырылды. Негізгі қаржылық нәтижелер осындай. Бюджетті орындау барысында қабылданған барлық шаралар экономикалық өсімге қолдау жасады», - деді министр.