• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

Елбасы Ислам даму банкі президентімен кездесті

239 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам даму банкінің басшысы Бандар бен Мұхаммад Хаджармен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы еліміздің экономикасын нығайтуға және халқымыздың әл-ауқатын арттыруға Ислам даму банкі елеулі үлес қосқанын атап өтті. – Қазіргі таңда біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудамыз. Ислам даму банкі оның қызметіне атсалысатынына сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Әңгіме барысында банк пен Қазақстанның ортақ жобаларының жалпы құны 1,3 млрд доллардан асқаны атап өтілді. 2015 жылы Ислам даму банкі құны 665 млн доллар болатын 4 жобаны қабылдап алған. Бандар бен Мұхаммад Хаджар біздің республикамен табысты ынтымақтастық одан әрі жалғасып, банк Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған жобаларға қатыса береді деп үміттенетінін жеткізді.