• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

Ұлыбританияда 2030 жылға дейін 850 мың робот жұмысқа алынады

201 рет
көрсетілді

Ұлыбританияда автоматтандыру негізінде 2030 жылға дейін мемлекеттік секторға 850 мың робот жұмысқа алынбақ. Бұл туралы Business Insider порталы хабарлады. Ұлттық статистика басқармасының мәліметі бойынша, Ұлыбританияда 5,3 миллион мемлекеттік қызметкер бар. Роботтарды пайдалану арқылы мемлекет 2017 жылмен салыстырғанда 2030 жылы 17 миллиард еуро үнемдемек. Әсіресе, әкімшілік және төменгі білікті мамандардың орнын роботтар басуы мүмкін. Автоматтандыру қазір бұл елде жекеменшік секторда жүргізіліп жатыр. Ұлыбританияда орналасқан әлемдегі ең ірі 10 жұмыс берушінің үшеуі қызметкерлерін роботтармен алмастырған. Бірақ роботтар әзірге мемлекеттік секторға тартылған жоқ.