• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2016

SMS жәрдем

248 рет
көрсетілді

Ұялы байланыс операторы «Қызыл Жарты Аймен» бірігіп көмектеседі Бұл бастаманың нәтижесі болашақтың еншісінде. Қазірге «Ксеll» компаниясы «Қазақстан Республикасының «Қызыл Жарты Ай қоғамы» қоғамдық қорымен бірлесіп, табиғи апаттар кезінде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге арналған SMS жәрдем жинау үшін 9777 қысқа нөмірін іске қосты. Бұл жоба қазақстандықтарға әлем­дегі ең ірі гуманитарлық қозғалыс­тың бір бөлігіне айналуға, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттар аумағындағы отандастарына көмек көрсетуге мүм­кіндік береді. Жәрдем көрсету үшін Kcell немесе Activ абоненттеріне кез келген мәтіні бар, яғни бос емес хабарламаны 9777 нөміріне жіберу керек. Бір SMS құны 200 теңгені құрайды. Мұндай жәрдем түрі табиғи апат аумағындағы қазақстандықтарға көмек көрсету үшін де, «Қызыл Жарты Ай» бақы­лауындағы гуманитарлық көмек қоймасын қалыптастыру үшін де қабылданады. «Зардап шеккендерге көмек қолын созғысы келетін адамдар бізге тұрақ­ты түрде хабарласып тұрады. Әсіресе, мұндай жағдай Қарағанды облысындағы су тасқыны немесе өткен жылғы Алматыдағы сел кезінде анық байқалды. Енді мұндай жәрдемді оңай жолмен көрсетуге болады. Гуманитарлық көмек көрсету мақсатында қаражат жинауға арналған арнайы нөмір жұмысын үзбейді, яғни әр қазақстандық өзіне ыңғайлы уақытта отандастарына қол-ұшын соза алады. Бұл – еліміз үшін өте маңызды жоба», – деп атап өтті «Қазақстан Қызыл Жарты Ай» қоғамдық қорының директоры Елена Ким. Сауапты жобаның басталуына байланысты шара аясында баспасөз мәслихаты өтіп, журналистер мен шақырылған қонақтар үшін арнайы шеберлік-сабақтары ұйымдастырылды. «Қызыл Жарты Ай» қызметкерлері зілзала болғанда, су тасқыны мен сел немесе өрт кезінде аман қалу, алғашқы медициналық жәрдем көрсету туралы негізгі ережелерді түсіндіріп, көрсетіп береді. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»   АЛМАТЫ