• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Ипотекалық ауыртпалықты жеңілдете отырып

234 рет
көрсетілді

Ипотекалық кредиттеу, ипотеканы қайта қаржыландыру тақырыбы бұрынғысынша айтарлықтай өзекті болып отыр. Адамдар консультация алу үшін Ұлттық Банкке де, БАҚ-қа да жүгінуде. Бүгін біз бірнеше көкейкесті сұрақты іріктеп алдық, оларға Қазақстан Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бөлімінің басшысы Мениса ХУСНУТДИНОВА жауап береді. – Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тартылса, қайда жүгінуге болады? – Бағдарлама 2004-2009 жылдары ұлттық валютада да, шетел валютасында да берілген, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі борыш бо­йынша берешек қалдығы 36,5 млн теңгеден аспайтын ипотекалық тұрғын үй және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруды көздейді. Қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікке қойылатын белгілі бір талаптар бар. Қарыз бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, банктер оны қайта қаржыландырудан бас тартуға құқылы. Егер қарыз алушы банктің бас тартуымен келіспесе, ол қарыздың алынған жеріне қарай мына мекенжайлардағы облыстық әкімдіктер жанынан құрылған осындай шағымдарды қарау жөніндегі комиссияға жүгінуге құқылы: Алматы, Панфилов к-сі, 98, тел.: 8(7272) 443-678, 443-670, 443-679, факс 443-621; Астана, Бейбітшілік к-сі, 11, тел.: 8(7172) 55 -64-48; Алматы облысы, Талдықорған, Төлебаев к-сі, 58/64, тел.: 8(7282)24-00-55; Ақмола облысы, Көкшетау, Әуезов к-сі, 214, тел.: 8(7162) 2507-25; Ақтөбе облысы, Ақтөбе, Әбілқайыр хан д-лы, 40, тел.: 8(7132) 56- 04- 52, 54- 15- 91, 56- 36 -58; Атырау облысы, Атырау, Әйтеке би к-сі, 77, тел.: 8(7122) 27-09-32; Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен, М. Горький к-сі, 40, тел.: 8(7232)26-44-95; Жамбыл облысы, Тараз, Абай к-сі, 125, тел.: 8 (7262) 43-08-05; Батыс Қазақстан облысы, Орал, Достық-Дружба д-лы, 179, тел.: 8(7112) 512772; Қызылорда облысы, Қызылорда, С.Бейбарыс к-сі, № 1 құрылыс, тел.: 8(7242) 60-54-21,60-54-23,60-54-32; Қарағанды облысы, Қарағанды, Әлиханов к-сі, 13, 123-офис, тел.: 8 (7212) 41-14-86; Қостанай облысы, Қостанай, әл-Фараби д-лы, 65, 606-кабинет, тел.: 8(7142) 575-416, 575-412, факс 575-411; Маңғыстау облысы, Ақтау, 14-шағын аудан, обл. әкімдік, тел.: 8(7292) 43-49-35; Павлодар облысы, Павлодар, Сәтбаев к-сі, 49, тел.: 8 (7182) 323031; Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл, Қазақ­стан Конституциясы к-сі, 58, тел.: 8(7152) 46-06-09; Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент, Тәуке хан к-сі, 6, тел.: 8-775 7508970. Комиссиялар шағымдарды қарау кезінде банк­тер­дің бас тарту негіздерінің бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереді және мұндай шешіммен келісе­тіндігі не бұл мәселені қайта қарауға жіберуге ұсыным бере отырып, келіспейтіндігі туралы шешім шығарады. – Банк қарыз алушыға кредиттің коллекторларға берілгені туралы ескертуге тиіс пе? – Банктің қарыз алушыға оның қарызын коллекторға берілгені туралы хабарлауы туралы талап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 19 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесінде белгіленген. Егер қарыз шартында банктің ол бойынша құқықты (талапты) үшінші тұлғаға беру (талапты беру) құқығы көзделсе, онда құқық берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банк бұл туралы борышкерге немесе оның уәкілетті өкіліне жазбаша хабарлайды. Құжатта өткізілген құқықтардың толық көлемі, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының, айыппұлдардың мерзімі өткен және ағымдағы сомалары және төленуге тиіс басқа сомалардың қалдығы және қарызды банкке немесе құқықтар өткізілген тұлғаға өтеу бойынша одан кейінгі төлемдердің мақсаты көрсетіледі. – Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде жеке тұлғалардың берешегін кешірген кезде олардың табыстарын салық салудан босату Салық кодексінде көзделген бе? – Қарыз алушының борыштық жүктемесін жеңілдету мақсатында бағдарламада банктердің қарыз алушының қайта қаржыландырылған қарыз бойынша сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша пайда болған берешегін кешіру (есептен шығару) көзделеді. Алайда осы шараларды жүзеге асыру қарыз алушыларда салық міндеттемелерінің туындауымен қатар жүрді. Атап айтқанда, қарыз алушы берешектің кешірілетін сомаларының 10%-ы сомасында жеке табыс салығын төлеуге міндетті болды. Осыған байланысты 2015 жылы Ұлттық Банк Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп бағдарламаны іске асыру мақсатында жо­ғарыда көрсетілген берешекті кешіру кезінде қа­рыз алушыларды ЖТС босату бойынша жұмыс жүргізді. Салық заңнамасына сәйкес жеңілдік 2015 жылғы 1 қаңтар – 2016 жылғы 1 шілде аралығында қолданылды. Қазіргі кезде реттеуші Салық кодексіне қарыз алушылар мен банктерге бағдарлама қолданылатын бүкіл кезеңге салық жеңілдіктерін беру жөнінде тиісті түзетулер дайындауда.