• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2016

Луценко «Хайнань турында» жеңіске жетті

251 рет
көрсетілді

Қытайдың оңтүстігінде «Хайнань туры» дәстүрлі велокөпкүндігі аяқталды, деп хабарлайды egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Велошабандоздар «Хайнань турының» тоғызыншы кезеңінің соңғы шақырымдарын бағындырды. Онда «Team Giant-Alpecin» өкілі - неміс спортшысы Макс Уолшайт жеңіске жетті. Соңғы кезеңде «Астана» велоспортшысы Алексей Луценко мәре сызығын негізгі пелотонда кесіп өтіп, сары жейдені өзінде сақтап қалды және жарыстың бас классификациясының жеңімпазы атанды.  Оның уақыты 35:16:41 құрады.