• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
31 Қазан, 2016

Студенттік фильмдердің халықаралық кинофестивалі аяқталды

406 рет
көрсетілді

Алматыда Студенттік фильмдер мен киномектептердің VI "Бастау" халықаралық кинофестивалінің жұмысы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды, - деп хабарлайды egemen.kz Kinostan.kz сайтына сілтеме жасап.   Биыл іріктеу комиссиясына 36 елден 300-ден астам фильм түскен. Конкурстық бағдарламаға солардың ішінен 57 жұмыс таңдалған. Халықаралық әділқазылар алқасын Ресейдің белгілі актері, режиссері, "Оскар" иегері, РКФСР халық әртісі және еңбек сіңірген өнер қайраткері Владимир Меньшов басқарды. Құрамда сонымен қатар Голливудтан келген оператор Хиро Нарита, британ жазушысы, Азия киносының маманы Джаспер Шарп, Ресей актрисасы Анна Горшкова және отандық белгілі кинематографшы Нұртас Адамбаев бар. Ал студенттердің әділқазылар құрамына Түркия, Грузия, Қырғызстан, Ресей мен Қазақстан мамандары кірді. Қазақстандықтардан Мадина Беспаева түсірген "Сүйінші" фильмі ең үздік деректі фильм болса, Камилла Абдельдинова кинодағы жаңа дауыс үшін ерекше атып өтуге лайық деп саналды.