• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Қызылордада қатты қалдықтарды өңдеу зауыты салынады

290 рет
көрсетілді

Кеше Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы әкімдіктері, Еуропалық қайта құру және даму банкі және «Қызылорда тазалығы» ЖШС арасында «Қызылордада тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу» жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды egemen.kz Қызылорда облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Жобаны ЕҚҚДБ, ҚР Үкіметі, облыс әкімдігі және Халықаралық таза технологиялар қоры қаржыландырады. Жоба аясында болашақта экологиялық таза электрлі және биогазды жылу энергиясын алу жоспарлануда. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауытта тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. "Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен келісімдер аясында жүзеге асырылатын жобаларды қолдау мақсатында  ҚР Үкіметі жобаның жалпы құнының 40 пайызына дейін қайтарымсыз несие беру тәртібін бекітті. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін бұл ең қолайлы шарттар болып табылады. Тұрмыстық қатты қалдықтардан экологиялық таза жылу және электр қуатын алу  жобасы заман талабына сай және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің талаптарына сәйкес келеді", - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. ЕҚҚДБ-нің Қазақстандағы директоры Джанет Хэкман ханым өз кезегінде «жасыл» технологияларды енгізу бойынша Қызылорда облысы пилоттық аймақ екендігін атап өтті.