• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Үкімет 2017 жылы Парламентке 33 заң жобасын енгізеді

275 рет
көрсетілді

ҚР әділет министрі Марат Бекетаев Үкіметтің 2017 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары бойынша есеп берді, деп хабарлайды egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. М. Бекетаевтың мәлімдеуінше, жоспар жобасы қайта өңдеуден өткеннен кейін Парламентке 33 заң жобасы ұсынылады. Министрдің айтуынша, жоспар жобасын дайындауда Мемлекет басшысының, Үкімет басшылығының тапсырмалары, сондай-ақ Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары ескерілген. "Мысалға алар болсақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуге, жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізуге, бейінді емес бәсекелестік ортада мемлекеттің функциялары мен өзін-өзі басқаратын ұйымдарға аударуға бағытталған заң жобаларын құру жоспарланып отыр», - деді М. Бекетаев.   Жалпы алғанда, министрдің мәліметі бойынша, алдағы жылы мемлекеттік органдар 23 салада заңнаманы жетілдіруді жоспарлап отыр.