Шымкенттегі Оңтүстік шағынауданы мен қала орталығын байланыстыратын көпірдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Құрылыс екі жылға созылып, енді 6 жолақты теміржол өткелінен автокөліктер емін-еркін жүре бастады.
Жергілікті билік 1 қыркүйек күні көпірдің бір бөлігін пайдалануға берген еді. Өйткені, қалаға келіп-кету тұрғындарға қиындық тудырған болатын. Одан бері екі айдың ішінде бұл көпірдың құрылысы толық аяқталды.
Мердігер «Береке А» корпорациясы 1 млрд. теңгеден астам қаржыға ұзындығы - 500, ал ені 24 метрлік көпір салды. Кеңес дәуірінен күрделі жөндеу көрмеген ескі көпірдің ені бұрын 8 метр ғана болатын. Тар өткелден қозғалған көліктер жиі кептеліп, апаттар да орын алатын. Енді мұнда көліктерге де, жаяу жүргіншілерге де емін-еркін жүруге мүмкіндік бар.