Бейсенбі, 3 қараша күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болады, тек батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болады, жел 15-25 м/с-ты құрайды. Солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстікте кей жерлерде найзағай ойнайды, деп хабарлайды egemen.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман, 15-20 м/с екпінмен соққан жел 23 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-тан 23 м/с-қа артады.
Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында жаяу бұрқасын жүріп, желдің жылдамдығы 15-25 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болжанады.