• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №520

250 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 14 қазан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы Бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет түсімдерінің сыныптамасында: 2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында 01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында: 7 «Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша» ішкі сыныбында: мынадай мазмұндағы 18-ерекшелікпен толықтырылсын: «18 Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар»; 5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында: 01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» сыныбында: 1 «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» кіші сыныбында: мынадай мазмұндағы 21-ерекшелікпен толықтырылсын: «21 Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу»; бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында: 2 «Спорт» функционалдық кіші тобында: 381 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша; 002 «Жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткiзу» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын: «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»; 2) «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған) бұйрығына: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде: 2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында 01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында: 7 «Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар» кіші сыныбында: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар 2 01 7 18 100 100 100 »; 5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында 01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» сыныбында: 1 «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» кіші сыныбында: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 5 01 1 21 100 100 100 ». 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12273 болып енгізілді.