Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында кеше Маңғыстау облысының жастары «Менің жүрегім елім үшін соғады» автошеруін өткізді, деп хабарлайды egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Автокөлік шеруі 6 шағын аудандағы «Арман» Жастар орталығынан басталды. Содан кейін көліктер еліміздің көк туын желбіретіп Ақтау қаласының орталық көшелерімен жүрді. Шараға 200-ден астам жастар қатысты. Автошеру ұйымдастыруға «Toyota», «Nissan», «Renault» секілді автокөлік орталықтары белсенді атсалысты", - деп атап өтті облыстық Жастар ресурсы орталығының жетекшісі Ерғали Әнесов.