• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

Әзірлік мәселелері талқыланды

204 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі – БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Норимаса Шимомураны қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы лауазымына БҰҰ-да бірге жұмыс істеген кезден жақсы білетін Антониу Гутерриштің сайлануымен құттықтады және оның мол тәжірибесі жаңа бас хатшыға Ұйымды барлық адамзаттың игілігі үшін табыс­ты басқаруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Төраға адамның абыройлы өмірі мен оның құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған шараларды қабылдаудағы, Климат жөніндегі Париж хартиясын әзірлеу мен қабылдаудағы, сондай-ақ, дінаралық үнқатысуды дамытудағы Бас хатшы Пан Ги Мунның қомақты үлесін де атап өтті. Жүздесу кезінде Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасындағы БҰҰ Орнықты даму мақсаттарының тұсаукесеріне әзірлік мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, алдағы шара бұл ауқымды елдік бағдарламаны іске асыру барысымен депутаттарды таныстырады, сондай-ақ, оның ұлттық заңнамамен одан әрі үйлесуіне ықпал етеді. Төраға Қазақстан 2030 жылға дейінгі халықаралық қоғамдастықтың орнықты даму жөніндегі жаңа күн тәртібінде белгіленген 17 мақсатқа қол жеткізудегі БҰҰ-ның өзара белсенді іс-қимылына сенім артады, деп атап өтті.