• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

«АЙС» Ақтөбені ағарғанмен жарылқайды

843 рет
көрсетілді

«АЙС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдері өңір нарығында өзінің лайықты орнын алып үлгерді десек қателеспейміз. Қазіргі уақытта облыстағы сүт өнімдері нарығының 60 пайызы осы кәсіпорынның үлесіне тиесілі. Бір кездері мұнда өңдейтін сүтке зәруліктің болғаны қазір ұмытылды. Бұл мәселені бірінші кезекте шешуді ойластырған серіктестік басшылары өздерінің тауарлы-сүт фермасын ашуды 2009 жылы қолға алды. Сөйтіп, Мәртөк ауданының аумағынан жер алып, ферма ашты. «АЙС»» жауап­кер­шілігі шек­теулі серіктестігі 2010 жы­лы мау­сым айында индустриялан­ды­­ру картасының аясында Германия мен Венгриядан 1100 сү­т­ті голштин-фриз тұ­қым­ды сиыр әкеліп, тауарлы-сүт фер­ма­сын іске қосты. Оған 3,2 миллиард тең­ге инвестиция салынды. Оның 85 пайызы «Қазагроқаржы» АҚ-қа тиесілі де, қалған 15 пайызы кәсіпорынның өз қаржысы. Жо­баны голландиялық «Van der Ploed International BV» компа­ния­сы толығымен жүзеге асыр­ды. Барлық қон­дырғылар Голландиядан әкелінді. «АЙС» компаниясының бірнеше қызмет­ке­­рі голландиялық фермаларда оқытылып, тәжірибеден өт­кен. Бұл ферма кәсіпорынды ши­кі­затқа тәуелділіктен біршама құт­қар­ды деуге болады. Сүт зауыты 2010 жылға дейін сүт ши­­­кі­­затын шаруа қожалық­тар­дан, жеке адам­­дардан алып ке­л­ді. Жазда қиындық жоқ, бірақ қыста сүттің жоқтығынан қи­на­­лып қалушы еді. Қазір, шүкір, та­у­- ­ар­лы-сүт фермасы күніне 30 тонна сүт бе­ріп тұр. Ай сайын тағы бес тоннаны бұ­рын­ғыша шаруа қожалықтарынан алады. Біз серіктестіктің тауарлы-сүт фермасында болғанымызда мұнда іскерлік пен ізденістің ізін аңғардық. Текшелей үйіл­ген пішен, арнайы орындарға салын­ған пішен­деме мен сүрлем шаруа­қорлықты аңғартады. Сиыр қора­ла­ры тап-таза, малдың жемшөбі алдын­да, суы өзі келіп тұр. Бұдан бес жыл бұрын шетелден әке­лін­ген қашарлар қазір сүт бұла­ғын ағызған сауын сиырлары бол­ған. Үш-төрт рет бұзаулаған сиыр­лардың өнімділігі де жоғары. Қазір фермадағы әр сиырдан орта­ша 29 литр сүт сауылады. Сиыр­лар күніне төрт рет сауылады. Тіпті, 60-70 литр сүт беретін чем­пион сиырлар да бар болып шықты. Қазір мұнда 800 сауын сиыры ұсталуда. Биылдың өзінде әр жүз сиырдан 87 бұзау алынған. Бұл өз сиыр табындарын толық­ты­ру­мен қатар, тайыншаларын өзге шаруа­шылықтарға сату­ға мүмкіндік беруде. Рас, тайын­ша­­лардың бағасы Еуропа­дан тө­­мен емес. Оның да реті бар. Мал­ды жер-су асып барып, алуға шығынданбайсың, іргеден қора­ңа кіргізе қоясың. Бұл малды жеткізу үшін серіктестіктің біраз шы­ғын­­дануына тура кел­гені де рас. Жылына 150-200 тайын­­шаны өткізіп, пайдасын кө­ріп отыр­ған серіктестік бұл шаруа­ны алдағы уақытта арттыра түспек. Сондықтан да әр бұзауды баладай мәпелеп бағып-күту қалыптасқан жайт. Сауын сиырлардың үлесі артқан сайын сатылатын тайыншалардың да көбейе түсетіні белгілі. – «Сиырдың сүті тілінде» демей ме? Сол айтқандай, біздің жұмысымызда жемшөбін ра­ционға сай беру бұлжымайтын қа­ғида. Қазір 850 гектарға жүгері, жоңышқа, аралас мал азығын, беде өсіреміз. Жемдік астық­ты сатып аламыз. Мал азы­ғын өңдейтін цех жұмыс істеп тұр. Қораларымыз сайлы. Малдәрігерлік-зоотехникалық та­лап­тар қатаң сақталады. Әр сиыр­дың мемлекеттік тіркеу құжа­ты бар. Онда оның барлық де­рек­тері тіркелген. Осындай жүйе­лі жұмыстың арқасында мал ауруы шығыны болған емес. Сүттің сынамасын күніне төрт рет аламыз. Себебі, біздің өні­міміз таза және сапалы болуы керек, тұтынушылар зардап шекпеуі тиіс, – дейді тауарлы-сүт фермасының меңгерушісі Армен Хуршудян. Тауарлы-сүт фермасы мал азы­ғын молайту үшін күздік дақылдар егістігін кеңейтуді қолға алды. Сондай-ақ, суармалы алқапты пайдалануға берді. Бұл жыл бойы көк балауса жем-шөптің үзілмеуіне негіз қалайды. Фермада бар болғаны 22 адам еңбек етеді. Оның алтауы – сауыншы. Оларға еңбек етуге жақсы жағдай жасалған, душ және шағын асхана жұмыс істейді. Еңбек­ақы жоғары, тұрақты бері­ліп тұрады. Сиыр­ларды сауу автоматтандырылған. Қай сиыр қанша сүт бергенін компьютер өзі есептеп шығарып қояды. Сиырлар да дағдыланған сауын қондырғыларына өздері кіреді. – Сиырларды төрт-бес бұзау­лағаннан кейін қашарлармен алмастырамыз. Сиыр­лар шет ел­ден әкелінген ұрықпен қолдан ұрық­тандырылады. Кәрі сиырлар етке сойыла­ды. Мемлекеттік қол­дау да шаруа­ның жүруіне ық­­пал етуде. Сауылған бір литр сүтке 25 теңге субси­дия бе­ріле­ді. Мал азығына да­ субсидия қарастырылған. Осын­дай ынталан­дырудың нә­ти­же­сі жыл­жа­рымдық мал азығын дайындап алдық, – дейді ферма меңгерушісі. Тауарлы-сүт фермасындағы малды өз­ төлі есебінен 1800-2000 ірі қараға дейін жеткізу үшін қосымша қора салу да ойласты­рылуда. 240 сиырға арналған қора 2017 жылы салынады деп кү­тілуде. Сөйтіп, фер­маны кеңейте бе­руге бағыт ұсталуда. – Бұл ферма – біздің еншілес кәсіп­орынымыз. «АЙС» ЖШС сүт компаниясы 1999 жылдан бас­тап сүтті қайта өңдеумен айналысып келеді. Қазіргі таңда серік­тес­тік базасында 40-тан астам сүт өндіруші шаруашылықты бірік­тірген сүт кластері ұйым­дас­ты­рылған. Соның ішінде серік­тес­­тіктің тауарлы-сүт фермасы ең үлкені болып табылады. «АЙС» ЖШС «фермадан бастап дүкен сөрелеріне дейінгі» тұ­йық­талған өндірістік желісі бар, сүтті өндіріп, өңдейтін өңірдегі жал­ғыз кәсіпорын. Компания 60-тан астам сүт өнімдерін шығарады. Компанияның сүт зау­ытын қайта жарақтандырдық, оған Германияның өндірістік қондырғысы қойылды. Күніне 50 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 35 тоннаға дейін өнім өндіріп келеміз. Сауын сиырлар санын көбейтудегі мақсат та сол зауыттың жобалық қуатына шығуға деген талпыныс, – дейді «АЙС»» сүт компаниясының директоры Қуаныш Ещанов. Қазір жеке кәсіпкерлер де сүт өндіруге ықылас танытуда. Өңірде шаруашылық құ­рылымдарынан сүт дайындауды жолға қою­ға бағыт ұсталуда. Дайындалатын сүт кө­бейсе, «АЙС» ЖШС-нің сүт зауытының да таяу уақытта жобалық қуатына шыға­ры­на сенім мол.  Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы  Суретті түсірген Хайреден Раушанов