• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

Олимпиада жүлдегерлеріне арналған маркалар шықты

293 рет
көрсетілді

"Қазпошта" АҚ Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада Ойындарының жүлдегерлеріне арнап пошталық маркаларды шығарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. "Қазпошта" АҚ ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетімен бірлесе отырып, "Спорт" топтамасындағы "Рио-де-Жанейродағы ХХХI Олимпиада Ойындары" тақырыбындағы пошталық маркаларды шығарды. Пошталық маркаларда 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы ХХХI Олимпиада Ойындарының алтын және күміс жүлдегерлері Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Нижат Раxимов, Гүзел Манюрова, Жазира Жаппарқұл, Василий Левит, Елдос Сметов, Әділбек Ниязымбетов бейнеленген. Астанада өткен маркаларға мөр басу салтанатына Әділбек Ниязымбетов, Дмитрий Баландин, Нижат Раxимов, Василий Левиттер келді. "Есімімізді маркаларда мәңгі қалдырып отырған Ұлттық Олимпиада комитетіне және Қазпоштаға  үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біздер үшін бұл өте үлкен мәртебе", - деді жүзуден Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин. Маркалар 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған. Перфорациясы жоталы. Таралымы 40 мың дана. Белгіленген бағасы 200 теңге.