• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

ОҚО әкімі медициналық нысандардың құрылысын аралады

308 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі құрылысы жүріп жатқан медициналық нысандарды аралады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Ең алдымен, облыс басшысы Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету ауруханасының жаңадан құрылысы жүріп жатқан «В» корпусының жұмысымен танысты. Ондағы қабылдау бөлімі, ота жасау блогы, жансақтау бөлімі мен галереяның жапсарлас құрылысының сапасын қадағалаған аймақ басшысы медициналық нысанның заман талабына сай жүзеге асырылу қажеттігін ескертті. Мұнан соң, жұмысшы топ облыстық онкологиялық диспансерге жапсарлас 75 орындық палаталық корпустың құрылысын аралап көрді. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болып табылатын ғимараттың құрылысын «Тұр-Ахмет и Компания» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Өткен жылдың шілде айында басталған құрылыс жұмыстары 2017 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар өңір басшысы қатерлі ісік ауруын емдеуде Франция мен Белгиядан мамандар алып келіп, олардың емдеу тәсілдерін қолданып, тәжірибие алмасу үшін жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.