• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

Астанада Никола Тесла көшесі ашылды (фото)

292 рет
көрсетілді

Бүгін елордада Никола Тесла атындағы көшенің ашылу салтанаты өтті. Оған Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен Сербия елінің Премьер-Министрі Александр Вучич қатысты.   «Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын және алғашқы сапарымның аясында Сербия мен әлем бойынша танымал тұлға - Никола Тесла атындағы көшені ашып тұрмын»,-деді Сербияның премьер-министрі Александр Вучич. Никола Тесла физика, радиотехника, электротехника сияқты салаларда еңбегі сіңген өнертапқыш, ғалым болған, 700-ден астам патенттің авторы. Сондай-ақ, АҚШ-тағы Ниагар сарқырамасындағы алғашқы су электр станциясының құрылысына еңбек сіңірген. Ал, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Тесла атындағы көшені аша отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығая түскенін атап өтті. Суреттерді түсірген Ерлан Омаров "Егемен Қазақстан"