• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

Астанада 23 қарашаға дейін күшті аяз болады

318 рет
көрсетілді

Астанада 23 қарашаға дейін суық күн райы сақталды, - деп хабарлайды egemen.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жеткен ауқымды антициклонның екі көлемді орталығы бар. Оның бірі Норильскіде, екіншісі Есіл өзенінің ауданында орналасқан. Егер кеше түнде ең төменгі ауа температурасы -27 градус болса, бүгін түнде екі тармаққа төмендеп, 29 градус аяз болады. Алдағы екі күнде ауа температурасы сол деңгейде сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. Антициклонмен байланысты ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады. Синоптиктердің хабарлауынша, 19 қарашадан бастап тағы суық орнайды. Ауа температурасы 3-4 градусқа төмендеп, минус 31-33 градусты, ал күндіз -23…-24 градусты құрайды. 23 қараша күні ғана аяздың беті қайтады. Түнде термометр бағаны 23-26 градус аяз, күндіз -15-тен -18 градусты көрсетеді.