• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

264 рет
көрсетілді

Қызылордада дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының алғашқы күнінде әйелдер 48, 52, 57 келіге дейінгі салмақта, ал ерлер 60, 66 келі салмақ дәрежелерінде белдесті, деп хабарлады Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі. 60 келіде қызылордалық Бауыржан Жауынтаев қарағандылық Шаратов Абылайханнан басым түсіп, ел чемпионы атанды. Қола медаль Ақтөбе облысынан келген Рустам Ибраев пен Алматылық Ғұсман Қырғызбаевқа тиесілі болды. Ерлерден 66 келіге дейінгі салмақ дәржесінде сынға түскен Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі  Қалтаев Мейіржан қарсылас шыдатпай, Қазақстан чемпионы атанды. Күміс медальді Қырғызбаев Ғұмар (Алматы облысы) иеленсе, қола медальді Алматы облысынан келген Мауленин Әбілхайыр және Есімбетов Ғабит (ОҚО) өзара бөлісті. Рио Олимпиадасының қола медаль иегері Галбадрах Отгонцэцэг (Оңтүстік Қазақстан облысы) 48 келі салмақта мықтылығын дәлелдеді. Қызылордалық Салтанат Сұлтанбекова аталмыш салмақта күміс медальға ие болды. Абужақынова Әбиба (Алматы облысы) мен Әйгерім Төреғожина (Қарағанды) ел чемпионатының қола медаль иегерлері атанды. Әйелдерден 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қарасайқызы Кәмшат (Маңғыстау облысы) Қазақстан чемпионы атанса, финалдағы қарсыласы Гүлдана Әлмұханбетова (Батыс Қазақстан облысы) күмісті місе тұтты. Сүлеймен Айнұр (Жамбыл облысы) мен Түйтекова Айкүнім (Алматы облысы) үшінші орынға жайғасты. Оңтүстік Қазақстан облысының дзюдошысы Севера Нышанбаева 57 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы болды. Атыраулық Назгүл Құбашева екінші орыннан көрінсе, 57 келіде қола жүлдені  Маңғыстаулық Анна Казюлина мен Қарағандылық Старченко Анна жеңіп алды. Естеріңізге сала кетсек, 16 қарашада Қызылордада  дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды.