• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 16:16

Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?

30 рет
көрсетілді

6, 7, 8 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» синоптиктері тұрғындарға ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Астанадағы ауа райы 6 мамыр: күн құбылмалы, түнде және таңертең жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11 градус, күндіз +21…+23 градус болады. 7 мамыр: күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болады. Ауа температурасы түнде +10…+12 градус, күндіз +25…+27 градусқа дейін күтіледі. 8 мамыр: күн құбылмалы, кейде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14 градус, күндіз +23…+25 градус болады. Алматыдағы ауа райы 6 мамыр: күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде +11…+13 градус, күндіз +26…+28 градус болуы ықтимал. 7 мамыр: күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге дейін жетеді. Температура түнде +13…+15 градус, күндіз +28…+30 градусқа дейін барады. 8 мамыр: күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Температура түнде +15…+17 градус, күндіз +30…+32 градус болады.

Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады

Қазақстанда 36 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктердің алдын ала хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін:

5 мамыр: елдің солтүстігінде жаңбыр күтіледі; 6-7 мамыр: батыста нөсер жаңбыр жауады; Батыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал; Температура өзгермелі: оңтүстікте +27…+36 градус, оңтүстік-шығыста +20…+35 градус болады. Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Соңғы жаңалықтар