• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2016

Көше тазалайтын техникаға қарық болды

350 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойы қарсаңында кеншілер астанасы көше тазалайтын тех­ни­каға қарық болды. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков ком­муналдық қызметшілерге жалпы құны 1 млрд теңге болатын техника түрлерінің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Бұл мамандандырылған арнайы техниканың барлығы 2020 жылға дейін аймақтарды дамытуға ар­налған бағдарлама аясында об­лыс­тық бюджеттен бөлінген қар­жыға сатып алынған. «Қарағанды – алып қала. Об­лыс орталығында 250 көше бар, бұған 200-ден асатын әртүрлі өтпе жолдарын қосыңыз. Санитарлық тазалауды талап ететін алаңның жалпы аумағы шамамен бес миллион шаршы метрді қамтиды. Әрине, осындай аумақты тазалап, тәртіпте ұстап отыру оңай шаруа емес. Алдағы уақытта осы техника қаланың қажеттілігін өтейді деген ойдамын. Айта кетерлігі, сатып алынған техникалар арасында отандық өнім де бар», деп атап өтті өңір басшысы. Жаңадан алынған техника түрлері, атап айтқанда жүк тие­гіштер, арық тазалағыш машиналар, жолаушылар автобустары, әмбебап тракторлар, жол тазалаушы, жүкті өзі аударатын машиналар мен вакуумды шаңсорғыштар, автогрейдерлер коммуналдық қызметкерлердің жұмысын айтарлықтай жеңіл­деп, қала көшелерінің мұн­таздай таза болуына сүбелі үлес қосары сөзсіз. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ