• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2016

Ақпараттық саясатты жетілдіруге арналды

283 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің және «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің ұйытқы болуымен «БАҚ-тарды дамытудың қазіргі заманғы әдістері» деген тақырыптағы семинарлар сериясы жұмысын аяқтады. Оған Парламент депутаттары, отандық және шетелдік журналистер, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Онға жуық тақырыптан тұратын семинарлар аталған іс-шараның мәні мен мақсатын, ұйым­дастыру жұмыстарына байланысты мәсе­ле­лер тү­сін­дірілген сессиямен ашылды. Сессияны Ақ­па­рат және коммуникациялар министрлігі БАҚ са­ласындағы мемлекеттік саясат департаментінің ди­рек­торы Елдос Нәшірәлі жүргізді. Ал тақы­рып­тық семинарларға қазақстандық және ресейлік жу­рналистер мен блогерлер модераторлық етті, тә­жірибелерімен бөлісті. Семинарларға қатысушылар «Қазіргі заманғы журналист: әмбебап сарапшы», «SMM – идеяларды ілгерілетудің жаңа арнасы», «Дағдарысты жағдайда тиімді жұмыс істеу, орталық және аймақтық мем­лекеттік органдардың баспасөз қызметі мен БАҚ өкіл­дерінің өзара іс-қимылы», «БАҚ – қоғамдағы құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» пен халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру құралы», «Баспасөз хат­шы­ларының БАҚ-пен өзара іс-қи­мылы: ақпарат беру, журналистермен жұмыс іс­теу дағдылары», «Шешендік өнер және сайлау психологиясы» деген тақырыптар бойынша пікір алмасты, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Семинар соңынан қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»