• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2016

Жасампаздық жылнамасы

349 рет
көрсетілді

2007 * 1 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ­­­стан халқын жаңажылдық құттықтауы «Егемен Қазақ­стан» газетінде жарық көрді. Құттықтауда: «Өткен жылы елі­міз­де көптеген мектеп, аурухана, мәдениет үйлері мен бас­қа да әлеуметтік нысандар салынды. Осы үрдіс жалғасын табатын болады. Ел мәдениетін өркендетуге, қазақ тілінің дәрежесін көтеруге нақты қадамдар жасалды. Менің Ресей, АҚШ, Еуроодақ, Қытай сапарларында болғаным еліміздің дүние жүзіндегі мерейін үстем ете түсті», деп жазылды. * 11 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы» Заңына қол қойды. * 13 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. * 29 қаңтарда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Германия Федеративтік Республикасына үш күндік ресми сапармен барды. Сапар барысында Елбасы ГФР Канцлері Ангела Меркельмен, Бундестаг төрағасы Норберт Ламмертпен, ГФР Федералдық Президенті Хорт Келлермен, ГФР экс-канцлері Герхард Шредермен, экс-президенті Рихард фон Вайцзекермен, Германияның қоғамдық-саяси және іскер топтары өкілдерімен кездесті. Президент Н.Назарбаевтың А.Меркельмен кездесуі кезінде екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Сапар аясында Берлинде Нұрсұлтан Назарбаевтың неміс тіліндегі «Еуразия жүрегінде» кітабының таныстырылымы болып өтіп, оған Германияның қоғамдық-саяси топтар өкілдері, ГФР-да «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүрген қазақстандық студенттер мен Қазақстан-Герман қоғамының мүшелері қатысты. * 13 ақпанда Президент Н.Ә.Назарбаев Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында үш жылға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің қорытынды отырысына қатысып, баяндама жасады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының идеясы әуел баста ұзақ мерзімдік үлкен жоба ретінде көзделгендіктен, өткен үш жылға арналған бағдарламаны осы жобаның бірінші кезеңі деп қарай отырып, қолға алынған көптеген ауқымды шараларды әрі қарай жалғастыру қажет. Өйткені, осының бәрі үлкен істің бастамасы ғана. Алда атқарылар шаруалар шаш етектен екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Осыған байланысты бастаған ісімізді жүйелі жалғастыру мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиісінше 2007-2009 жылдарға арналған салалық бағдарлама жасап, жүзеге асыруды тапсырамын», – деді Қазақстан Президенті. * 6 наурызда Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­ста­н­­ға­ жұмыс сапарымен­ келген Грузия Пре­зи­денті Михаил Са­а­ка­­швилимен кез­­де­с­ті. Кездесуде екі ел арасындағы ын­ты­мақ­тастықтың жан­­да­нып келе жат­қаны атап өтілді. * 10 наурызд­а Президент Нұрсұлтан­ Назарбаев рес­ми сапармен Катар мем­ле­кетіне барды. Ел­ба­сының бұл сапа­ры осыған дейін қол­­­ жеткізілген екі­­­жақ­­ты сауда-эко­­но­­ми­калық, бі­лім-ғы­лым мә­се­ле­ле­рін­де­гі ын­ты­мақтастықты одан әрі жандандыруға бағытталды. Жылы шырайлы кез­де­су­лер­ кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Катар мемлекетінің Әмірі Шейх Хамад бен Халифа әл-Таниді еліміздің бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. * 11 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мысыр Араб Респуб­ли­касының Президенті Хосни Мүбәрактың шақыртуымен осы елге сапармен барды. Елбасы сапары барысында Әбу-Симбел қаласында тарихи ескерткiштермен, перғауындар заманынан қалған мұрамен танысты. Ал Каирде Египет республикасының Президентi Хосни Мүбәракпен кездестi. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бұл елге бидайдан бөлек, металл, химия, мұнай өнеркәсiбiнiң өнiмдерiн экспорттауға дайын екендiгiн жеткiздi. Каирде Президент Ислам теологиялық орталығына барып, тарихи орындарды аралады. Әсiресе, Сұлтан Бейбарыстың мешiтiне көңiл аударды. Нұрсұлтан Назарбаев осы жолы Араб мемлекеттерi лигасының Бас хатшысы Әмір Мұсамен кездестi. * 18 наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Ресей Федерациясына келді. Кремльде екі елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесті. Президенттер кездесу барысындағы әңгімеде Қазақстан мен Ресей мүше болып табылатын ТМД, ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арасында іс-қимылды тереңдету жөнінде пікір алмасты. * 27 наурызда елімізге Польша Республикасының Президенті Лех Качыньски ресми сапармен келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Лех Качыньскидің кездесуі нәтижесінде Бірлескен мәлімдеме қабылданды және екіжақты 4 құжатқа қол қойылды. * 11 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның төрағасы – Испания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады. * 19 сәуірде Алматыда алтыншы рет өткізілген Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастады. Форумның ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. * 26 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанда ресми сапармен болды. Екі ел президенттерінің кездесуі нәтижесінде Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Мәлімдемеде тараптардың бүкіл қарым-қатынасының сипаты, терең мазмұны көрініс тапты. * 10 мамырда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ресми сапармен елімізге келді. Қазақстан мен Ресей басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізді. Соның барысында ғарышты бірлесе игеру, отын-энергетика кешені, ядролық энергетика, көлік салаларында екі елдің өзара екіжақты іс-қимылы және ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысында аса маңызды бірнеше құжатқа қол қойылды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 11 мамыр күнгі нөмірінде «Қазақстан-Ресей: әріптестік стратегиясы айқындалды» тақырыбымен мақала жарияланды. * 12 мамырда Түрікменстанның Түрікменбашы қаласында Қазақстан, Ресей және Түрікменстан елдері басшыларының үшжақты саммиті өтті. Саммит жұмысы газ тасымалына байланысты болды. Басқосу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов екіжақты кездесу өткізді.