Астана мен Алматының халықаралық әуежайларында әуе рейстері кешігіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онлайн-таблодағы мәліметтерге сүйенсек, Алматыдан Қызылордаға ұшатын Air Astana КС975 рейсі, Балқашқа ұшатын ZXA521 және Ақтөбеге КС865 рейстері тоқтатылды. Сондай-ақ, Атырауға бағыт алған Air Astana КС885 рейсі де кешігіп жатыр. Алматыға Қызылордадан келуі тиіс Air Astana КС976 және Балқаштан келетін ZXA522 рейстері де тоқтады. Екі халықаралық рейс - Air Astana компаниясының Душанбеден келетін КС132 және Киевтен (Борисполь) КС406 рейсері кешігуде.
Астана әуежайында Лондоннан келуі тиіс Air Astana КС942 рейсі кідіріп жатыр.