• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2016

Желтоқсанда қазақстандықтар 12 күн демалады

422 рет
көрсетілді

Желтоқсанда қазақстандықтар мереке күндері мен сенбі, жексенбіні қосқанда 12 күн демалады, деп хабарлайды egemen.kz ҚР Электронды үкіметіне сілтеме жасап. Қазақстандықтар желтоқсан айында ҚР Тұңғыш Президентінің күні (1 желтоқсан ) мен ҚР Тәуелсіздігі күнін (16, 17 желтоқсан) атап өтеді. ҚР Тұңғыш Президентінің күні бейсенбіге түссе, 16-17 желтоқсан жұма мен сенбі күндеріне түседі. Заңға сәйкес, 17 желтоқсан сенбіден дүйсенбіге, 19 желтоқсанға ауыстырылады. Ал 31 желтоқсан сенбіге түсіп тұр, сәйкесінше ол күн демалыс болып саналады. Осылайша қазақстандықтар Жаңа жылда 4 күн демалады.