19 қараша күні Алматыда облыс тауар өндірушілерінің кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қаланың ауыл шаруашылық басқармасы.
Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына құны 166 миллион теңге болатын 285 тонна ет, сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер ұсынылады.
Атап өткен жөн, азық-түлік бағасы орташа нарық бағасынан 15-20% арзан болады. Жәрмеңке кезінде Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін автокөлік қозғалысы шектеледі.