• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қараша, 2016

Қайрат-Астана. Хоккейге ұқсас футбол

317 рет
көрсетілді

Футболдан "Астана" мен "Қайрат" командалары арасында қазір ғана аяқталған Қазақстан кубогінің финалдық матчы қар басып қалған алаңда өтті. Қардың толассыз жауғанына қарамастан, кездесу соңына дейін ойналды. Аппақ қар басқан алаңда командалардың бірі аппақ формамен ойнады.  "Бұл хоккейге ұқсас матч болды" деді ойынның комментаторы. Бір айта кетерлігі, бірінші тайм аяқталған кездегі үзілісте арнайы техника қарды күреу жұмыстарын жүргізді. Бірақ уақыт тапшы болғандықтан, тек "Астана" командасының айып алаңын тазалап үлгерді. Қарсы команданың да алаңын тазалауды сұраған Станимир Стойлов пен елордалық клуб футболшыларының өтініші қабыл болмады. Екінші тайм он бес минутқа кешігіп басталып, бар болғаны бірнеше минутта  "Астана" командасы есеп ашты. Кездесу 1-0 есебімен аяқталып, кубокті "Астана" командасы иеленді.  
Соңғы жаңалықтар