• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
19 Қараша, 2016

Исламхан – Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы

566 рет
көрсетілді

Алматының «Қайрат» футбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы атанды, деп жазды sports.kz Үздік футболшы премьер-лига командаларының бас жаттықтырушылары мен футболшылары арасында жүргізілген сауалнама арқылы анықталды. «Қайраттың» капитаны маусым бойы жақсы ойын көрсетті. Ел чемпионатында ол 17 гол соғып, командаластарына 9 нәтижелі пас шығырып берді. Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі. 23 жасар футболшы сауалнама қорытындысы бойынша 106 ұпай жинап, чемпионаттың үздік ойыншысы атанды. Екінші орынды иеленген «Қайраттың» ресейлік легионері Андрей Аршавин ел чемпионатында 8 гол мен 7 нәтижелі пастың авторы атанды. Ол 96 ұпай жинады. Үздік үштікті павлодарлық «Ертістің» 23 жасар шабуылшысы Роман Муртазаев түйіндейді. Оның командасы да ел чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізгенін айта кету керек. Премьер-лигада 18 гол соққан Роман биыл ұлттық құрама сапында алғаш рет алаңға шықты. Сауалнама қорытындысы бойынша ол 60 ұпай жинады.