• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2016

Андре Уорд ұпай санымен Сергей Ковалевтан басым түсті (видео)

300 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жартылай ауыр салмақтағы Ресей боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уордтың (30-0, 15 КО) жекпе-жегі өтті. Тартысты кездесудің қорытындысы бойынша ұпай санымен Уорд жеңіске жетіп, WBA Super, IBF, WBO нұсқалары бойынша жартылай ауыр салмақта әлем чемпиона атағына қол жеткізді. Бұл Ковалевтың кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісі. Еске сала кетейік, осы бокс кешінде отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов алғаш рет кәсіпқой бокстың шаршы алаңына шығып, америкалық Генри Бекфордты тізе бүктірді.