• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2016

Ердоған: Түркия Шанхай ұйымына кіруі мүмкін

269 рет
көрсетілді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның Еуропалық одаққа емес Шанхай ынтымастығы ұйымына кіруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ВВС Hurriyet газетіне сілтеме жасап хабарлады. «Түркия үшін Еуропалық одаққа ұмтыла берудің еш қажеті жоқ. Себебі, ол Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан кіретін Шанхай одақтастығы ұйымының мүшесі бола алады. Түркия сабырға келуі келуі тиіс. «Қайтсек те Еуропалық одаққа кіреміз» деу қажет емес. Менің пікірім – осы. Неге Түркияға Шанхай бестігіне кірмеске? Мен мұны Ресей президенті Путинге және Қазақстан президенті Назарбаевқа айттым» деген Ердоған. Түркияның Шанхай ұйымына кіруі Батысқа және Анкараның НАТО-дағы одақтастарына мазасыздық әкелуі тиіс дейді ВВС. Түркия 2013 жылы Шанхай ұйымында бақылаушы мәртебесін алған болатын. Ердоған жақында Түркияның Еуроодаққа мүшелігі туралы референдум 2017 жылы өтуі мүмкін екенін айтқан-ды. Түркия Еуропалық одаққа кіру жолында 11 жылдан бері келіссөз жүргізіп келеді, бірақ оның аталған бірлестікке мүшелігі мәселесі әлі белгісіз болып отыр.