• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

«Үздік волонтер - 2016» байқауының финалы өтеді

446 рет
көрсетілді

22 қараша күні Астанадағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында» Қазақстан жастар Конгресі «Үздік волонтер-2016» байқауын өткізеді. Республикалық және аймақтық ұйымдардың еріктілері мен өкілдерінен құрылған қазылар алқасы еліміздің түкпір-түкпірінен еріктілердің жіберген өтінімдерін іріктеп, «Үздік волонтер-2016» атына сай үздік номинанттарды таңдады. Өтінімдер 1 ай бойы онлайн режимінде қабылданған. Алдыңғы қатарлы жастар және коммерциялық емес ұйымдардың, қорлардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұратын байқау комиссиясы 2 апта ішінде бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Олар:«Үздік волонтер», «Үздік волонтерлік ұйым», Қазақстан Рекспубликасының 25-жылдығына орай, VI-шы қысқы Универсиаданы ұйымдастыруға қатысқан волонтерлер және волонтерлік ұйымдар арасындағы «Үздік волонтер». Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры – 360 мың теңге. Байқаудың басты мақсаты – 2016 жыл ішіндегі еріктілерді, еріктілер ұйымдарын, олардың жүзеге асырған жобаларын іріктеп, үздіктеріне алғыс айту, марапаттау. «Жыл өткен сайын еріктілер қозғалысы жанданып, олардың қызметтері қоғамда кеңінен таралуда. Әрине, еріктілер өздеріне алғыс айтуларыңызды қажет деп таппайды, алайда, біз осындай байқаулардың көмегімен оларға тек ризашылығымызды білдіріп қана қоймай, мұндай жандардың болашақта да өз қайырымдылық істерін одан әрі жалғастыруларына ынталандырғымыз келеді», – дейді «Қазақстан жастар Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Айдын Сәбитов. Қазіргі таңда  Қазақстанның барлық аймағында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен VI-шы Универсиадаға еріктілерді дайындау жұмыстар белсенді жүргізілуде. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, "Егемен Қазақстан".