• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Қостанайда қазақша жаңа газет жарық көрді

681 рет
көрсетілді

Қостанайда  «Нұрлы таң» атты қазақ тіліндегі аймақтық, қоғамдық-саяси газет шықты. Бұл Қостанай облысының тарихында мемлекеттік тілде шығып отырған екінші облыстық басылым. Газет редакторы Жұмакүл Ерқасымова оқырмандарға арнау сөзінде: «Апталық газет ұжымының алға қойған мақсаты—қоғамда туып отырған әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелер төңірегінде ой түйіндеп, оқырманмен бөлісу, халық пен жергілікті атқарушы билік арасындағы үйлесім тірегіне айналу», - деп жазды. Газеттің меншік иесі «Нұрлы таң» газеті  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Газеттің беташар нөмірі 20 бет болып шықты. Онда газет бүгінгі күннің өткір мәселесіне айналған артта қалған ауыл мектептері, жастарды қатерлі ағымның «қармағынан»  қорғау, туризмді дамыту, ауылдың рухани тынысы туралы және тағы басқа да тақырыптарды көтерген. Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан". Қостанай