• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Астанада ғарыш күндері өтуде

295 рет
көрсетілді

Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері-2016» халықаралық семинары басталды. Биыл еліміздің басты ғарыштық форумы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің жұмысы және ҚР дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі мысалында заманауи ғарыш технологияларының практикалық тәжірибесіне және перспективаларына арналған. Семинар қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Президенттің Қазақстанның ғарыш саласын құру бойынша қойған міндетінің маңыздылығын баса айтты.   «Өздеріңізге де мәлім, бір айдан астам уақыт бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жаңа министрлік – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылған болатын. Оның басты міндеттерінің бірі адамзаттың барлық өмірлік салаларында терең ықпалдасып келе жатқан ғарыш қызметін дамыту болып табылады. Бұл үрдіс мемлекет алдына маңызды міндет қояды, ол – бір мезгілде ғарыш қызметінің бағыттарының толық кешенін және соңғы тұтынушыға бағытталған ғарыш қызметтерінің кең спектрін дамыту. Әлемдегі ғарыш технологияларын қолданудың маңызды бағыттарының бірі Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мәліметтерін экономиканың түрлі салаларында пайдалану. Оған қоса, барлық деңгейлердегі мемлекеттік сектор ғарыш түсірілімдерінің негізгі сатып алушысы болып қалуда. Оларды ұсыну технологиясы да жетілдіріліп келеді», – деді министр. Б. Атамқұлов сондай-ақ министрлік Қазақстанның ғарыш өнімдері мен қызметтерін сенімді жекізуші болып қалыптасуы бойынша белсенді жұмыс жүргізілетінін айтты.