• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Қостанайда құтқарушылар балықшыларды аман алып қалды

273 рет
көрсетілді

Бірыңғай кезекшілер диспетчеріне «Жоғарғы Тобыл су қоймасында «Нива» көлігі  мұзға түсіп кетіпті» деген суыт хабар келісімен құтқарушылар жедел жолға шыққан. Машинаның ішінде балық аулап жүрген төрт кісі болған. Олар мұздың ойылып кеткенін сезген соң-ақ, машина кабинасынан шығып үлгеріп, мұздардың үстінде жүреді.  Олардың арасында біреуі белуарынан суға түсіп кетіп,  жедел көмексіз жағдайы қиындай бастаған еді. Лисаков қаласынан  құрамында төрт  4 адам бар құтқарушылар тобы мен бір техника балықшыларды  уақыт ұтқызбай  тауып алады. Оларға Лисаков қалалық және Денисов аудандық  төтенше жағдайлар бөлімшелерінің басшылары да жеткен болатын. Олар 1976, 1983,  1982  және  1952 жылы туған төрт балықшыны мұз үстінен түсіріп алды. Әбден тоңып, саусақтары үсе бастаған балықшы Лисаков қалалық ауруханасына жеткізілді. Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан". Қостанай