• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Чемпиондар лигасында жаңа рекорд (видео)

240 рет
көрсетілді

Чемпиондар лигасыныің топтық кезеңінде дормундтық "Боруссия" варшавалық "Легиядан" 8:4 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz. Жеңімпаз команда құрамындағы Марко Ройс хет-трик, Синдзи Кагава дубль жасаса, Нури Шахин мен Усман Дембеле, Феликс Пасслак  бір голдан салған. "Легия" құрамында ойнайтын Александар Прийович пен Михал Кухарчик, Неманья Николич қарсы команданың қақпасына доп салған. Сол арқылы бұл командалар жалпы нәтиже бойынша Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты. Одан бұрынғы жетістік 2003 жылы 8:3 есебімен аяқталған "Монако" - "Депортиво" ойынында тіркелген. Сонымен қатар турнир тарихында алғаш рет бірінші таймда 7 гол салынған. "Боруссия" 5 допты алғашқы 15 минуттың ішінде салғандықтан, бұл да рекорд саналады дейді Opta. Eurosport "Боруссия" мен "Легия" осы матчта орнатқан басқа да рекордтарға шолу жасап көрді: - Тарихта бірінші рет голдарды 8 ойыншы салды; - "Легия" - 4 гол салып жеңілген алғашқы команда; - Командалар турнир тарихында алғаш рет алғашқы 25 минутта 5 доп салды; - "Монако" мен "Депортиво" 47 минутта 7 гол салса, "Боруссия" мен "Легияға" 32 минут жеткілікті болды; - "Легия" қақпасына 17 және 20-минуттар аралығында 3 гол салған "Боруссия" "Лионның" (2011/2012) рекордын қайталады. Екі команға да 3 минут 17 секунд жеткілікті болды; - "Легия" Чемпиондар лигасында бір командадан 14 гол жіберіп алып, антирекорд орнатты.