• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Әжіғалиев әлем рейтингінде көш бастады

261 рет
көрсетілді

Қазақ спорты тарихында тұңғыш рет шорт-трек спортынан 500 метр қашықтықта қазақ ұланы Абзал Әжіғалиев әлемдік рейтингтің көшін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыдан біраз күн бұрын Американың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 500 метр қашықтықта бас жүлдені жеңіп алған жерлесіміз екінші кезеңде де финалға дейін сүрінбей жеткен болатын. Осы екі кезеңнің қорытындысы бойынша ол әлем рейтингінде көш бастады. Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев Батыс Қазақстанның Сырым ауданында дүниеге келген. Оралда жабық мұз айдыны сарайы ашылғаннан кейін шорт-тректен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков дайындаған талантты спортшылардың бірі. А.Әжіғалиев Сочи Олимпиадасында негізін батысқазақстандықтар құраған ҚР құрамасы сапында 5 мың метрлік эстафеталық сында бесінші орынды иеленді. Енді ол - Алматы қаласында алдағы жылы өтетін қысқы Универсиадаға қатысуға басты үміткерлердің бірі.