• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Астанада ірі мұзайдынының құрылысы басталды

283 рет
көрсетілді

Елордада ең ірі мұз айдынының құрылысы мен жаңажылдық мерекелерге көшелерді безендіру жұмыстары басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Қысқы ертегінің» негізгі тұжырымдамасы ретінде келер жылдың басты нышаны – Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы – ЭКСПО көрмесі де болмақ. «Қазіргі таңда «Арай» саябағының аумағында көлемі 5 мың шаршы метрді құрайтын 250 адамға арналған мұз айдынының құрылысы басталды. Бұл жерде конькиді жалға беру орны, медициналық пункт, дәмхана, радиохабарлағыш және LED-экрандар орналастырылады. Бұдан бөлек, балаларға арналған сырғанайтын төбешіктер де орнатылады», – деді Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жамал Әбікенова. Мұз айдындары қаланың өзге екі ауданында да салынады. Олар шамамен 16 желтоқсаннан бастап жұмыс істей бастайды. Астана қалалық Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, елордада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша орнатылып, төрт мұз қалашығы бой көтереді. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 жаңажылдық шырша орнату жоспарланған. Айта кетейік, биыл еліміздің басты шыршасы «Хан Шатыр» СОСО маңына орнатылатын болады. Осында сондай-ақ, төрт мұз қалашықтарының бірі салынады.