• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2011

Гуманитарлық көмек көрсетуге дайын

480 рет
көрсетілді

11 наурыз күні Жапонияны шарпыған сұрапыл табиғи апатқа байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Күншығыс елінің халқына көңіл айту жеделхатын жолдағаны белгілі. Қазақстан осыншама қасіретті кезеңде достас жапон халқына жан-жақты жәрдем беруге, оның ішінде гуманитарлық көмек, құтқарушылар мен өзге де қажетті мамандарды жіберу арқылы қолұшын беруге дайын екендігін білдірді.  Бүгінгі таңда жапон тарабы көмектің нақты мөлшері мен түрін айқындауда. Токиодағы Қазақстан елшілігі тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп, Жапония аумағында тұрақты және уақытша тұратын отандастарымыздың орналасқан жерлерін анықтауда. Қазіргі кезде зардап шеккендердің қатарында қазақстандықтар жоқ. Сонымен бірге, Жапониядағы туысқандарының тағ­ды­рына алаңдаушылық білдіріп отырған отандас­та­ры­мыздың көптеген өтініштерін назарға ала отырып, елі­міздің азаматтарын ұйымдасқан түрде Қазақстанға жеткізу жөнінде шешім қабылданды. Бұл шараны Сыртқы істер және Төтенше жағдайлар министрліктері бірлесіп атқаруда, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.