• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2011

Қауіпсіздік – стратегиялық басты бағыттардың бірі

690 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Он­да ұлттық қауіпсіздік стра­те­гиясы мәселесі, көлік және азық-түлік қауіпсіздігі, жаңа әскери док­тринаны әзірлеу, сыртқы сая­сат­тың жаңа тұжырымдамасы, құ­қық қорғау жүйесін жетілдіру, діни экстремизммен және лаң­кес­тікпен күрес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері қаралды. – Бүгін біз Қазақстанның ұлт­тық қауіпсіздік стратегиясына қатысты мәселені қарастырамыз. Сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік стра­тегиясының орындалу бары­сын қарастырып, болашақта атқа­ра­тын міндеттерді айқындаймыз. Біз ұлттық қауіпсіздік стратегия­сын қайта қарастырып, оны уа­қыттың талабына сәйкес келтіруге тиіспіз. Қауіпсіздік мәселесі – ауқымды және күрделі мәселе. Бұл біздің 2030 жылға дейінгі стратегиямыздың басты бағыт­т­а­ры­ның бірі. Екіншіден, көлік қауіпсіздігі мәселесін, көлік-тран­зит саласының дамуын қа­рас­ты­ра­мыз. Жалпы, экономикалық және әлеуметтік жаңғырту міндеттері, сыртқы саяси мәселе менің би­ыл­ғы жылғы қаңтардағы Жолдау­ым­да көрініс тапты. Біз 2020 жылға дейінгі индустрия­лық-ин­новациялық бағдарлама­ның орын­далуы жөнінде келешекте ат­қа­ратын жұмысты анық­тадық және басты міндет  ретінде Қазақ­стан­ның әлеуметтік жаң­ғы­руын белгіледік. Сондықтан бұл екі мәселе Қауіпсіздік Кеңесінің бүгінгі отырысындағы күн тәр­ті­бінің негізі болады, – деді Президент. Мемлекет басшысы жалпы алғанда, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2010 жылғы орындалу барысына оң баға берді. Кездесетін қауіп-қа­тер­лерді барабар реттеудің оң­тайлы тетіктері мен тәсілдерін іздестіру қажеттігі атап өтілді. Ұлттық қауіпсіздіктің жағ­дайы мен алдағы кезеңге ар­нал­ған міндеттер туралы Президент­тің көмекшісі – Қауіпсіздік Ке­ңесінің Хатшысы Марат Тәжин толық баяндап берді. Ұлттық қауіпсіздік стратегия­сын 2010 жылы іске асырудың едә­уір маңызды қорытындылары­ның ішінде мына мәселелер атап өтілді. Сыртқы саясатта Қазақстанда ЕҚЫҰ-ның 7-саммитін өткізу ерек­ше орын алады. «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» атты Астана декларациясының қабыл­дануы XXI ғасыр жағдайында «Хельсинки рухына» оралға­ны­мыз туралы куәлік ете алады. ҰҚШҰ пішінінде дағдарысқа қарсы реттеу тетіктерінің құры­луы оған мүше-мемлекеттердің аумағында ішкі дағдарыстар ту­ын­даған жағдайда Ұйымның әлеуетін пайдалануды қарасты­ра­ды. Осы ретте, көмек көрсету үшін зардап шеккен тарап­тар­дың ресми өтініш жасауы міндетті талап болуы тиіс. Бұдан басқа, өткен жылы ұжымдық қауіп­сіздік жүйе­сінің күштері мен құрал­дары­ның қызмет ету мәселелері, оның ішінде, ҰҚШҰ-ның Ұжым­дық жедел реттеу күштері мен Ұжымдық бітімгерлік күштері жө­ніндегі келісімдерге қол жеткізілді. Кеден одағының іске қосы­луы тауарлар, қызмет көрсету­лер, капитал мен жұмысшы күш­терінің еркін қозғалысын, 170 млн. адам тұ­рып жатқан аумақта ортақ рынокты құруды қарастыратын Бір­ыңғай эконо­ми­калық кеңіс­тік­ті құру жо­лын­дағы маңызды қадам болды. Елдің әскери қауіпсіздігін қам­­тамасыз ету саласында Қа­зақ­стан Президентінің тапсыр­ма­сына сәйкес, стратегиялық жос­пар­лаудың жаңа құжаттары әзір­лен­ді, жаңа әскери бөлімдер құ­рылды, мемлекеттік шекара­ны одан әрі нығайту жөнінде жұ­мыстар жүргізілуде, бірқатар ірі әскери жаттығулар, оның ішінде, «Бейбіт миссия-2010» ШЫҰ-ның жаттығуы өтті. Экономикалық салада Қазақ­стан Республикасының 2020 жыл­ға дейінгі дамуының стра­те­гиялық жоспары мен 2010-2014 жылдарға арналған Үдеме­лі ин­дус­триялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағ­дар­ла­ма іске асырыла бастады. Қа­зақ­станды индустрия­лан­дыру­дың рес­­публикалық және өңірлік кар­тасы әзірленді. Банк-қаржы саласында қаржы тұрақтылығын нығайту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл елдің ха­лықаралық қорын ұлғайтуға мүм­­кіндік туғызды, халықтың банк­­тердегі депозиттер көлемі 15,9 пай­ызға өсті. Зейнетақы жинақ­тары­ның көлемі 2,2 трлн. теңгеге артты. Қоғамдық қауіпсіздікті қам­тама­сыз ету аясында өткен жылы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінде кейбір бағыттарға реформа жасалды. Мемлекет бас­шы­­сының тапсырмасы бойынша заң­наманың қылмыстық құқықты ізгілендіру және декриминализациялау бөлігі қайта пысықталды, балама тергеуге алу қысқар­тыл­ды, құ­қық қорғау органдарының құзы­реті айқындалды, олардың жекелеген, бейінді емес міндеттері аза­мат­тық ведомствоға немесе бә­секелестік ортаға берілді. Әкімшілік реформа аясында мемлекеттік қызметшілердің саны 15 пайызға қысқартылды, оның ішінде, күш құрылымдары мен сот органдары қызметкерлері де бар. Облыстарда қоршаған ортаны қорғауда «Жасыл даму» бағдар­ла­масы іске асырыла бастады, ғи­ма­рат­тарды тазартуды қайта құ­ры­лымдау жөнінде жеті өңірлік жоба қолға алынды. Ұлттық қауіпсіздік саласында Ақпараттық және коммуника­ция­лық технологияларды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағ­­дарламасы қабылданды, сала­лық бағдарламалар әзірленді. Ұлттық қауіпсіздік стратегия­сын іске асыру барысы туралы мә­селені талқылауды қорытын­ды­лай келе, Мемлекет басшысы елде қауіп­сіздік пен тұрақ­ты­лық­ты ны­ғайту жөніндегі жұмыстың маңыз­дылығы мен тиімділігін атап өтіп, кездесетін қауіп-қатер­лер­ге назар аударды. Осыған байланысты Н.Ә.На­зар­баев Үкіметке және мемлекеттік органдарға бірқатар тапс­ырмалар берді. Атап айтқанда, «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңның жаңа редакциясын және осы саладағы стратегиялық құ­жат­тарды, ішкі істер органдары туралы жаңа заң әзірлеу, жер қой­науын пайдаланушылар қабыл­даған қаржылық міндет­теме­лердің орындалуына бақылау жасау, атомдық саланы дамыту бағдарламасын әзірлеу, теңіз мұнай операциялары және өзге жағдайлар кезінде техногендік төтенше жағдайлардан сақтап қалу жөнінде шаралар қабылдау. Отырыс барысында Мемлекет басшысы сондай-ақ Үкіметке ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге байланысты белгіленген тәртіппен амнистия жасау ту­ра­лы заң жобасын әзірлеуді тапсырды. «Көлік қауіпсіздігінің жағ­дайы және транзиттік әлеуетті да­­мыту туралы» мәселені қарау кезінде Пре­­зидент мемлекет тарапынан кө­лік секторына және көлік ин­фра­құ­рылымын дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өттфі. Бұл мақсатта салалық бағ­дар­ламада 2014 жылға дейінгі кезеңге 2,8 трлн. теңге бөлу қа­рас­тырылған. Көліктің тиімді дамуы ел эко­но­микасына, сауданың өсуіне, құ­ры­лым­дағы көлік шығынының үлесін төмендетуге едәуір ықпал етеді. Әлемде аумағы бойынша 9-шы орын алатын Қазақстан үшін жүк тасымалы ғана емес, өңір­лердің дамуы да, әлеуметтік проблема­лар­дың шешімін табуы да көлікке байланысты. Осыған байланысты көлік ин­ф­рақұрылымын жетілдіру елдің Үде­­мелі индустриялық-иннова­ция­­­лық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағ­дар­ламаның маңызды бағыт­тары­ның бірі болып саналады. Көлік және коммуникация министрі Ә.Құсайынов өз баян­да­масында ірі көлік жобаларын іске асыру, Қазақстанның көлік тар­тым­дылығын арттыру жөнін­де қа­­б­ылданған шаралар, тасы­мал қауіпсіздігін қамтамасыз ету нә­ти­желерін баяндап берді. Министрдің мәлімдеуінше, соң­­­ғы 10 жыл ішінде көлік-ком­му­­ни­кация кешенін дамыту мақсатында 1,4 трлн. теңге игерілген. Мемлекет басшысының бе­делі­нің арқасында, тіпті әлемдік эко­но­микалық дағдарыс жағ­дайын­да көлік секторына сомасы 4,2 млрд. АҚШ доллары көле­мін­де займ тартуға мүмкіндік туды. Хромтау-Алтынсарин, Ақсу-Де­ге­лең, Шар-Өскемен темір жол учаскелері пай­­да­лануға берілді, республи­ка­лық және жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдары­ның 39 мың ша­­қы­рымына жөн­деу жұмыстары жүрг­ізілді, қал­пына келтірілді және жаңа­дан салынды. Қазіргі уақытта көлік-ком­му­ни­кация кешенінің негізгі көр­сет­­кіштерінің көлік бойынша жал­­пы қосымша құнын 63 па­йызға ұл­ғайтуға бағытталған 58 жоба іске асырылуда. Республикалық автомобиль жол­­дарының 85 пайызын және жергілікті желілердің 70 пайы­зын жақ­сы және қанағат­та­нар­лық дең­гейіне жеткізу, темір жол­дар бо­йынша жүк тасымалының жыл­дамдығын 15-20 пайызға арттыру, оның ішінде, ха­лықаралық дә­ліз­дер бойынша 20-30 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Азаматтық авиацияда 7 ұшу-қону алаңын және 7 терминалды қайта құрылымдау, аэронавига­ция­лық жүйені жетілдіру міндеттері тұр. Ертіс өзеніндегі кеме шлюзі жаңғыртылатын болады, Ақтау теңіз айлағы кеңейтіледі. Мемлекет басшысының Қа­зақ­­стан халқына Жолдауын орын­дау барысында көлік медицинасын да­мыту жөнінде жұмыстар ұйым­дастырылатын болады. Қауіпсіздік Кеңесінің отыры­сында, сарапшылардың баға­лау­ларын­ша, Еуропа мен Азия ара­сындағы жыл сайынғы тауар ай­на­лымы 400 млрд.-қа дейінгі АҚШ долларын құрайтыны, ал 2015 жылға қарай бұл көрсеткіш 1 трлн. долларға жететіні атап өтілді. Сондықтан Мемлекет басшы­сы транзит арқылы түсетін тү­сім­­д­ер бюджеттің табыс бөлігіне ай­налуы үшін бұл жүк ағыны транзитпен Қазақстан арқылы өтуі үшін жағдай жасау қажет­тігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, негізгі ба­сым­­дықтар ретінде Н.Ә.Назарбаев кө­лік саласын дамытуға және көлік әлеуетіне кедергі келтіретін бюро­­краттық кедергілерді төмендетуді, заңнаманы жетілдіруді, көлік са­ласы үшін білікті мамандар даяр­лауды атады. Алға қойылған міндеттер тек темір жол, автомобиль, авиация мен су көлігіне ғана қатысты емес. Мұнай мен газ құбырлары магистралының, электр тарату желілерінің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Осыған байланысты Үкіметке және мемлекеттік органдарға Қа­зақ­станның транзиттік мүмкін­дік­теріне ықпал ететін факторлар мен жағдайларға талдау жасау, қа­жетті шараларды әзірлеу тап­сырылды. Атап айтқанда, көлік қауіп­сіздігі, мультимодальдық тасы­мал, халықаралық тасымал құ­жат­тарын іс жүзіне енгізу, Қазақ­станның көлік саласына халық­аралық құқықтық режімді енгізу мәселелерін заңнамалық реттеу­дің елеулі маңызы бар. Талқылаудың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкі­­мет назарын көлік секторындағы орын алған проблемаларды шешу қажеттігіне аударып, жалпы ал­ғанда, көлік саласындағы жағ­дай Қазақстанның бәсекеге қабілет­ті­лігіне тікелей ықпал ететінін атап көрсетті. Отырыс барысында берілген тапсырмалардың орындалуына ба­қы­лау жасау Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына жүктелді.