• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №1

554 рет
көрсетілді

2011 жылғы 5 қаңтар, Астана қаласы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары қызметінің ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7 және 32-бап­тарына, «Қазақстан Республикасындағы құқық қор­ғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арт­тыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыз­дағы №1039 Жарлығының 3-тармағына сәйкес және алкогольден мас күйге түсуші (уыттанған) тұлғаларды уақытша бейімдеу және детоксикация жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары қызметінің ережесі бекітілсін. 2. «Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған тұлға­ларды есепке алу, қарау және емдеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы №814 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда №5954 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы қаңтардағы, №1, 366-құжатта жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген маскүнем­дікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған тұлғаларды есепке алу, бақылау және емдеу ережелерінде: 62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «62. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына орта дәрежедегі алкогольдік мас болу жағдайында пациенттерді орналастыру жағдайларынан басқа, жай алкогольдік мас бо­лудың кез-келген жағдайында шұғыл айғақтары бойынша наркологиялық ұйымға пациенттерді емдеуге жатқызу үшін негіз болып табылмайды.» 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдас­ты­ру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұй­рықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қа­зақстан Республикасы Әділет министрлігінде мем­лекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада бел­гіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құрал­дарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Б.САДЫҚОВ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы «5» қаңтардағы  №1 бұйрығымен бекітілген Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметі туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Осы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – ереже) ішкі істер органдары қызметкерлерінің немесе азаматтардың көмегімен жеткізілген, алкогольден мас күйіндегі (уыттанған) пациенттерді Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында (бұдан әрі – орталық) емдеуге жатқызу және наркологиялық көмек көрсету тәртібін анықтайды. 2. Бұл ережеде келесі анықтамалар қолданылады: пациент – медициналық қызметті тұтынушы болып саналатын (саналған) жеке тұлға. детоксикация – адам организмінен алкогольді шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені; уақытша бейімдеу – адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс. мас болу (уыттану) алкогольді пайдалануы салдарынан туындайтын психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневро­ло­гиялық бұзылулар кешенімен сипатталатын жағдай болып табылады. 3. Уақытша бейімдеу және детоксикация ор­талығы алкогольден мас болған (уыттанған) пациенттерді емдеуге арналған, наркологиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес мамандан­ды­рылған медициналық көмек көрсетуші, нарко­логиялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 4. Азаматтардың келісімінсіз наркологиялық көмек «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республи­касының Кодексіне сәйкес көрсетіледі. 2. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметін ұйымдастыру 5. Жеткізілген пациенттің жеке басын ішкі істер органдарының қызметкерлері анықтайды және орталықтың медицина қызметкерлеріне хабарланады. Орталыққа жеткізілген пациенттің жеке ба­сын куәландыратын құжаттарының болмауы оны емдеуге жатқызудан және оған орталық жағдайында наркологиялық көмек көрсетуден бас тартуға негіз болмайды. Орталыққа жеткізілген пациенттің жеке ба­сын куәландыратын құжаттары болмаған жағ­дай­да, нарколог дәрігер медициналық құжатта жеке басы туралы деректерді оның өз сөзі бойынша жазылғандығын көрсетеді. Орталыққа жеткізілген пациент өзі туралы жеке басының деректерін хабарлаудан бас тарт­қан немесе мүмкіндігі болмаған жағдайда, меди­циналық құжат оның жеке басын анықтағанға дейін белгісіз пациентке берілген құжат ретінде рәсімделеді. 6. Орталыққа жеткізілген пациент денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар бекіткен науқастарды қабылдауды және емделуге жат­қызудан бас тартуды есепке алу журналында тіркеледі. Журнал пациенттерді қабылдау кабинетінде сақталады және орта медицина қызметкері толтырады. 7. Жеткізілген пациентті медициналық куә­ландыруды ішкі істер органдары қызметкер­ле­рінің жазбаша жолдамасы (баянхат) ұсынылған­нан кейін нарколог дәрігер жүзеге асырады. Орталыққа пациентті азаматтар жеткізген жағ­дайда медициналық куәландыру осы ере­же­нің 6-тармағына сәйкес оны тіркеген соң өткізіледі. 8. Орталыққа жеткізілген әр пациентке ме­дициналық куәландыру жүргізілгеннен кейін орталықта жүргізілген медициналық куәландыру (бұдан әрі – қорытынды) туралы осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоры­тынды жасалынады. Орталыққа пациентті ішкі істер орган­да­ры­ның қызметкерлері жеткізген жағдайда, нарколог дәрігердің қолымен расталатын қорытынды екі данада әзірленеді. Бұл қорытындының бір да­насы пациентті орталыққа жеткізген ішкі істер органдарының қызметкеріне беріледі, екінші данасы наркологиялық ұйымда сақталады. Орталыққа пациентті азаматтар жеткізген жағдайда, қорытынды бір данада әзірленеді және наркологиялық ұйымда сақталады. 9. Қорытынды шығару үшін жеткізілген пациенттің клиникалық жағдайы туралы деректер негіз болып саналады. Зертханалық және ас­паптық тексеру әдістері қажеттілігіне қарай жүргізіледі. 10. Қорытындыда жеткізілген пациенттің клиникалық жағдайы мынадай қорытындылар бойынша нақты түрде жазылуы тиіс: 1) орталыққа емдеуге жатқызылады; 2) орталыққа емдеуге жатқызуға қарсылық білдірілді. 11. Наркологиялық көмек көрсету мақса­тында орталыққа жатқызуды нарколог дәрігер шығарылған қорытындының негізінде тәулік бойы жүргізеді. 12. Орталыққа емдеуге алкогольден мас болудың (уыттану) орташа деңгейіндегі пациенттер жатқызылады. 13. Келесі санаттағы тұлғалар орталыққа емделуге жатқызылмайды: 1) дәрі-дәрмектік емдеуді қажет етпейтін алкогольден жеңіл деңгейдегі мас болу (уыттану) жағдайындағы тұлғалар; 2) жіті терапияны қажет ететін алкогольден ауыр деңгейлі мас күйдегі (уыттанған) тұлғалар; 3) алкогольден мас болу (уыттану) жағдай­ын­дағы бассүйек-ми жарақаты симптомдарымен, ми қан айналымының жіті бұзылу, жіті коро­нар­лық патология, жұмсақ тіндердің көлемі үлкен жарақаты, сүйектің сынуы мен экзоуытты шок симп­томдарымен және жіті немесе тиімді тера­пияны талап ететін және басқа жағдайдағы тұлғалар; 4) асқыну және (немесе) декомпенсация са­ты­сындағы ілеспелі соматикалық патология­сымен алкогольден мас болу (уыттану) жағдайындағы тұлғалар; 5) жіті психотикалық жағдайдағы алкогольден мас болу (уыттану) жағдайындағы тұлғалар; 6) балалар. 14. Осы ереженің 13-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар орта­лық­тың нарколог дәрігерінің жолдамасы бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасымен тиісті медициналық ұйымның бейінді бөлімшесіне жеткізіледі. 15. Орталыққа жеткізілген алкогольден мас болу (уыттану) жағдайындағы бала оның заңды өкілдерінің келісімімен медициналық ұйымның бейінді бөлімшесіне емдеуге жатқызылады. 16. Орталық жұмысың ұйымдастырылуы мен тәртібі шектен тыс тұтыну заты болып табы­латын алкогольдік сусындарды және (немесе) басқа психоактивті заттарды мүлдем кіргізбеуі тиіс. 3. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының пациенттерін емдеуге жатқызу және шығару тәртібі 17. Жеткізілген пациентті орталыққа емдеуге жатқызу алдында медицина қызметкері жатқы­зы­латын пациенттердің құжаттары мен жеке заттарын тіркеу журналына пациенттің құжат­та­ры мен жеке заттарының (киім, ақша және басқа да құндылықтар) бар екендігі жөніндегі мәлі­мет­ті енгізеді. Жатқызылатын пациенттердің құжат­та­ры мен жеке заттарын тіркеу журналының үлгісі осы ережеге 2-қосымшада бекітілген. 18. Журналға енгізілген құжаттар мен жеке заттардың (киім, ақша және басқа да құнды­лықтар) бар екендігі туралы мәліметті енгізген медицина қызметкері мен ішкі істер органы қызметкерінің немесе орталыққа жеткізген аза­маттардың қолдарымен расталады. 19. Журналдың беттері нөмірленуі, байлануы және наркологиялық ұйымның мөрімен бекітілуі тиіс. 20. Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің киімі жеке шкафтарда сақталуы тиіс. Құжаттары, ақшалары мен басқа құндылықтары қапшықтарға салынып, металл шкафтарда (сейфтерде) сақталады. Киім мен қапшыққа арналған шкаф бірдей реттік нөмірде болуы керек. 21. Орталыққа жатқызылатын пациент міндетті түрде санитариялық-гигиеналық тазартуға түседі. Жұқпалы-паразиттік аурулар анықталған жағдайда тиісті санитариялық-эпидемиоло­гия­лық іс-шаралар өткізіледі. 22. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына емдеуге жатқызылған әр пациентке осы Ереженің 3-қосымшасында бекітілген тұл­ға­ның медициналық картасы толтырылады. Орта­лыққа жеткізілген пациентті емдеуге жатқызу барысында шығарылған қорытынды Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына емдеуге жатқызылған пациенттің картасына қоса тігіледі. 23. Орталықта наркологиялық көмек денсау­лық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес көрсетіледі. Дәрігердің тағайындаулары Уақыт­ша бейімдеу және детоксикация орталығында жатқан пациенттің картасына енгізіледі. Пациентті динамикалық бақылау нәтижелері Уақыт­ша бейімдеу және детоксикация орталығында жатқан пациенттің картасына қоса тіркеледі. Дәрігерлік қарау мерзімі пациенттің жағдайына байланысты болады. 24. Пациентті емдеуге жатқызу кезінде оның өзіне қол жұмсауына, зақым келтіруі мен басқа да жазатайым жағдайлар әрекеттеріне, сондай-ақ айналасындағылардың денсаулығына залал келтіруіне жол бермеу үшін медицина қызметкері профилактикалық шаралар қабылдайды. Орталықтың медицина қызметкері Орталық­қа емдеуге жатқызылған пациенттің мінез-құлқына және денсаулық жағдайына тұрақты қадағалау жасайды. 25. Орталықта әйел пациенттер ер пациенттерден бөлек орналастырылады. 26. Орталыққа емдеуге жатқызылған паци­ент­тің орталықтан емделіп шығуы клиникалық айғақтары бойынша жүзеге асырылады. Шығару кезінде нарколог дәрігер Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында жатқан пациенттің әрі статистикалық карта болып саналатын картасына тиісті жазулар жазады. 27. Орталыққа емдеуге жатқызылған пациентті шығаруды жоспарлы тәртіппен нарколог дәрігер пациенттің түскен сәтінен бастап бір тәуліктің ішінде орталық жағдайында одан әрі бақылау мен емдеуді қажет етпейтін жай-күйінің жақсаруына қол жеткізілген жағдайда жүзеге асырады. 28. Пациенттің соматикалық және (немесе) психикалық жағдайы нашарлаған жағдайда оны мамандандырылған басқа медициналық ұйым­дар­ға ауыстыруды жедел медициналық жәрдем бригадасы жүзеге асырады. 29. Орталыққа емдеуге жатқызылған пациент өз құжаттары мен жеке заттарын алған жағдайда, құжаттары мен жеке заттарын тіркеу журна­лындағы жазбаға сәйкес толық алғандығын жазбаша растайды. 30. Шығару кезінде емделіп шығушы па­циенттің қалауы бойынша орталықта болған­дығы туралы анықтама беріледі. 31. Шығаруға дейін кем дегенде бір сағат бұ­рын орталықтың медицина қызметкері пациентті шығару туралы оны орталыққа жеткізген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне хабарлайды. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметі туралы ережеге 1- қосымша Орталықта жүргізілген медициналық куәландыру туралы қорытынды 1. Жеткізілген пациенттің тегі, аты мен әкесінің аты ________________________________________ Жасы (туған жылы) ____________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат _______________________________________________________ Жұмыс орны, лауазымы ________________________________________________________________ Кім жеткізді және қашан (нақты уақыты) жеткізілді ___________________________________________________________________________________ Клиникалық тексеру күні мен нақты уақыты _______________________________________________ Кім тексерді (дәрігер) __________________________________________________________________ 2. Жеткізудің негізі мен себебі ___________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ 3. Жеткізілген пациенттің анықталған жағдайы ______________________________________________________________________________________ 4. Жеткізілген пациенттің сырт бейнесі (киімінің, терісінің жағдайы, зақымдардың болуы, жарақаты, көгеруі және т.б.) _______________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ 5. Жеткізілген пациенттің мінез-құлқы: ширыққан, тұйық, ашушаң, қозғыш, озбыр, масайраулы, сөзқұмар, беймаза, ұйқышыл, тежеулі, өз жағдайына шағымдануы _____________________________________________________________ 6. Ақыл-ес жағдайы, орнын, уақытты, жағдайды және өз-өзін бағдарлай алуы ____________________________________________________________________________________ 7. Сөйлеу қабілеті: сөзінің байламдылығы, сөйлеу мәнерінің бұзылуы, міңгірлеп сөйлеу және т.б. _____________________________________________________________________________________________ 8. Вегетативтік-қан тамырлары реакциясы (тері қабатының, көздің, тілдің сілемейлі қабығының, тершеңдік, сілекей ағу жағдайлары) _____________________________________________________________________________________________ Тыныс алуы: жиілеуі, баяулауы __________________________________________________________ Пульсі, артериялық қысымы _____________________________________________________________________________________________ Қарашық: кішірейген, үлкейген, жарыққа реакциясы ________________________________________ Жан-жағына қарау кезіндегі нистагм _____________________________________________________ 9. Қимыл-қозғалысы ___________________________________________________________________ Мимикасы: солғын, жанды ______________________________________________________________ Жүрісі (теңселуі, жүргенде аяқтарының шалынысуы), шайқалып жүруі (бұрылу кезінде теңселуі) ____________________________________________________________________________________ Ромберг позасында тұруы ______________________________________________________________ Дәлме-дәл қозғалыстар (еденнен тиын көтеру, саусақ-мұрын сынамасы)  _______________________ ____________________________________________________________________________________ Кірпіктің, тілдің, қол саусақтарының дірілі ________________________________________________ 10. Нерв-психикалық аурулары, мидың зақымдануы, жадап-жүдеу белгілерінің болуы. Бастан өткерген жарақаттануының болуы (жеткізілген тұлғаның айтуы бойынша) ____________________________________________________________________________________ 11. Алкогольді соңғы тұтынуы жөнінде мәлімет: субъективті, объективті ____________________________________________________________________________________ 12. Ауыздан алкоголь исінің білінуі ______________________________________________________ 13. Зертханалық, аспаптық тексеру мәліметтері (олар өткізілген жағдайда) ____________________________________________________________________________________ 14. Диагнозы, жағдайы ________________________________________________________________ 15. Қорытындылар (осы ереженің 14-тарауында көзделген): __________________________________ _____________________________________________________________________________________ Нарколог дәрігер ________________ ______________________________ қолы                                       Т.А.Ә. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметі туралы ережеге  2-қосымша Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі № 055-1/е нысаңды  медициналық құжаттама Ұйымның атауы Медицинская документация   Форма №055-1/у     Пациенттің құжаттары мен жеке заттарын тіркеу журналы   №  р/с Орта-  лыққа емдеуге жатқы-зылған күні мен нақты уақыты Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің тегі, аты мен  әкесінің аты Орталыққа емдеуге жатқызылған  пациенттің  құжаты Орталыққа емдеуге жатқызыл-ған паци-енттің *  жеке заттары   Орталыққа емдеуге жатқы-зылған паци-енттің ** ақшасы Тегі, аты  мен әкесінің аты  лауазымы, тізімді растаушы қолы 1 2 3 4 5 6 7   Ескертпе: * Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің жеке заттарын тіркеп жазуда ерекше сыртқы сипатын қамтуы тиіс (түсі, мөлшері, тозуы, басқа да кемшіліктері (зақымдануы және т.б.). ** Ақшаларын тіркеп жазуда валютаның түрін, купюрлердің құнын, олардың саны мен жалпы сомасын көрсету қажет.   Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметі туралы ережеге 3-қосымша Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі № 055/е нысаңды  медициналық құжаттама Ұйымның атауы Медицинская документация   Форма №055/у   УАҚЫТША БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ДЕТОКСИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ПАЦИЕНТТІҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ КАРТАСЫ КАРТА ЛИЦА, НАХОДЯЩЕГОСЯ В ЦЕНТРЕ ВРЕМЕННОЙ АДАПТАЦИИ И ДЕТОКСИКАЦИИ №___________ 1. Тегі (Фамилия)_________________________________________________________ Аты (Имя)_________________________Әкесiнiң аты (Отчество) ______________________________ 2. Туған күнi (Дата рождения) /______/______/__________/ 3. Жынысы (Пол): ер (муж) -1, әйел (жен)-2                                                 кк/аа/жжжж (дд/мм/гггг) 4 Ұлты (Национальность) _____________________________5. Тұрғыны (Житель): қаланың (города) – 1, ауылдың (села) – 2 6. ЖСН (ИИН)                            ____|____|____|____|____|____|____|____|____|____|____|____| 7. Медициналық тiркеу нөмiрi |____|____|____|____|____|____|____|____|____|____|____|____| (Регистрационный медицинский номер) 8. Мекен-жайы (Место жительства) ___________________________________________________________________________________ елi, облысы, әкiмшiлiк ауданы (страна, область, административный район) _____________________________________________________________________________________ елдi мекен, көше, үй, пәтер (населенный пункт, улица, дом, кв.) 9. Әлеуметтік мәртебесі (Социальный статус): 1- қызметкер (служащий), 2- жұмыскер (рабочий), 3- (фермер), 4 - зейнеткер (пенсионер), 5 - оқушы (учащийся), 6- үй шаруасындағы әйел (домохозяйка), 7 – жеке еңбекпен айналысатын тұлға (лицо,занят.индивид.трудом), 8- табынушы (служитель культа), 9 - жұмыссыз (безработный), 10- басқалар (прочее), 11 - БТЖЖ (БОМЖ) 10. Жатқызу күнi мен уақыты (Дата и время помещения) ______/______/______ ______/______ кк/аа/жж (дд/мм/гг) сағаты, мин (часы, мин) 11. Динамикалық бақылау мәліметтері (Данные динамического наблюдения): Күнi мен уақыты  (Дата, время) Объективті жағдайының мәліметтері  (Данные объективного статуса) Көрсетілетін шаралар  (Назначения) 1 2 3   12. Шыққан (қайтыс болған) күнi мен уақыты: (Дата и время выписки (смерти)) _____/______/______ ______/_____ кк/аа/жж (дд/мм/гг) сағаты, мин (часы, мин) 13. Өткiзген төсек-күндерi (Проведено койко-дней) ________________   14. Диагноз ХАЖ коды (код по МКБ-10) 1. Қорытынды клиникалық диагноз  Заключительный клинический диагноз 2. Асқынулары  Осложнения 3. Қосалқы сырқаты 1  Сопутствующее заболевание 1 4. Қосалқы сырқаты 2  Сопутствующее заболевание 2 5. Патологоанатомиялық диагноз Патологоанатомический диагноз/причина смерти   15. Орталықта болуы немен аяқталуы (Исход пребывания): шықты (выписан) – 1, ауыстырылды (переведен) – 2, қайтыс болды (умер )– 3, өздiгiнен кетуi (самовольный уход) – 4 16. Дәрiгер (Врач): Т.А.Ә. (Ф.И.О.)_____________________ Код_____________Қолы (Подпись)_____________________ 17. Орталықтың меңгерушісі (Зав. центром): Т.А.Ә.(Ф.И.О.)________________________ Код ___________ Қолы (Подпись) ___________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 28 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6757 болып енгізілді.