• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2017

7 қаңтарға арналған ауа райы

303 рет
көрсетілді

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты сенбі күні ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерда қар жауып, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығыста және оңтүстік батыста қар жаумайды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатып жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз елдің басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Кейде 23 метрге дейін барады. Қостанай облысының бірқатар аймақтарында бұрқасын болып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Қызылорда, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз желдің күші 15-20 метр/секунд болады. Жамбыл, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аймақтарында тұман түсіп, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Қарағанды, Алматы облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді және құмды боран болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, қалада көктайғақ болады.