ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі 7 қаңтар күні сағат 08:59-да жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 195 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты 9,1. Магнитудасы - MPV 4.1. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ.