• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2017

Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

277 рет
көрсетілді

Алматылық құқық қорғаушылар байрақты бәсеке алдындағы міндеттеріне кірісті. Шара аясында қала мен оған жақын орналасқан елді мекен тұрғындары есепке алынды. Бекітілген тәртіп бойынша сақшылар күніне 40 үйді аралап шығады, деп хабарлайды 24.kz. Сақшылар азаматтарды тексеріп, қандайда бір құқық бұзушылыққа қатысы жоқ болса, үйлеріне қайтарады. Универсиада алдындағы дайындық жұмыстарына байланысты жергілікті полиция қызметі тұрғындарды тексеріп, тізімге алуда. Сонымен қатар, арнайы тақтаға тізімдері ілінген күдіктілерді ұстау да сақшыларға жүктелген міндеттің бірі. Алматы қаласында қазір 1,5 миллионнан аса халық бар. Жиырма бесінші қаңтарға дейін созылатын есепке алу шарасы аясында тұрғындардың барлығы қамтылмақ. Әр сақшы күніне орта есеппен 40 үйдің есігін қағып, сонда тұратындарды тізімге алуда. «Бүгін басталған тексеріс барысында жергілікті полицияның партульдік қызметімен екі азамат ұсталды. Олардың жеке басын қуәландыратын құжаттары болмаған. Олар қазір аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, жеке бастары анықталуда. Рейд Алматы облысының қалаға жапсарлай орналасқан аудандарында да өтуде. Басты мақсат - Универсиада алдында және бүкіләлемдік сайыс кезіндегі қауіпсіздікті күшейту»,-дейді аудандық жергілікті полиция басшысының орынбасары Қуан Құттыбек.