• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2017

Жүзден астам жолаушы Ыстанбұлдан Алматыға ұша алмай отыр

262 рет
көрсетілді

Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан Ататүрік әуежайынан Алматыға 120 адам ұша алмай отыр, деп xабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті. "Ыстанбұлдағы Ататүрік әуежайы әлі жабық тұр, ұшуға әлі рұқсат берген жоқ. Алматыдан Ыстанбұлға ұшқан кешегі рейс Анталияда қонып, Ыстанбұл әуежайларының ашылуын күтіп отыр. Ол ұшақта 60 адам бар. Ал Ыстанбұлдың өзінде шамамен 120 жолаушы Алматыға ұша алмай жатыр", - дейді департамент жетекшісі Марат Иғали. Айта кетейік, кешеден бері Ыстанбұлда ауа райы бұзылып, қалың қар мен қатты желдің салдарынан барлық әуе рейстерінің ұшуы тоқтатылды.