• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2017

Бейжің билігі экологиялық полиция құрмақшы

437 рет
көрсетілді

Бейжің тәртіп сақшыларының жанынан құрылатын жаңа бөлімше атмосфераны ластайтын қоқыстарды азайтумен айналысады, деп хабарлайды BBC қала әкімінің міндетін атқарушы Цай Циге сілтеме жасап.

Экологиялық полиция аталатын жаңа бөлімше ауаны ластаушы себептерді анықтап, соның ішінде өнеркәсіптік қалдықтармен қатар қоқысты рұқсатсыз жаққандарды тәртіпке салып отырады. Қазіргі таңда Бейжіңдегі түтіннің кесірінен кей азаматтар бірнеше күннен бері сыртқа шыға алмай отыр. Цай Ци көктемге қарай қаладағы жалғыз көмір электросанциясын жабуға уәде беріп отыр. Қала билігінің мақсаты - биыл қаладағы көмір тұтыну деңгейін 30 пайызға азайту.